Ер адам мен қыз баласының пәктігі: мифтер мен шындық

Ер адам мен қыз баласының пәктігі: мифтер мен шындық

Пәктік — қазіргі қоғамдағы ең көп талқыланатын және даулы тақырыптардың бірі. Оның аясында рухани құндылықтар, дін, мәдениет және әлеуметтік сала да қатар жүреді. Қоғамда пәктік туралы қате түсініктер де жоқ емес. Бүгін осы жайында медцианалық деректер және статистикаларды ұсынамыз. 

Пәктік дегеніміз не?
Пәктік —  бұл физикалық ұғым ғана емес, сонымен қатар сана деңгейіндегі жағдай. Қоғам бұны түрлі қабылдайды. Көптеген адам үшін пәктік бұл толыққанды жыныстық қатынастың болмауымен байланысты болса, кей адамдар дененің белгілі бір бөліктеріне өзгенің қолы тимеуін пәктік санайды.

Әлем елдерінде пәктікті қай жаста жоғалтады?
Пәктікті жоғалтудың орташа жасы бүкіл әлемде әртүрлі. Бұған елдің ділі мен қоғамдағы мәдени нормалар және білім деңгейі сияқты әртүрлі факторлар әсер етеді. Кейбір елдерде бірінші жыныстық қатынастың орташа жасы 16-17 жас болса, ал басқаларында ол 20-25 жасқа жетуі мүмкін.

Жапонияда пәктікті жоғалтудың орташа жасы әйелдерде өте жоғары және шамамен 30 жас. Камерун сияқты басқа елдерде пәктігін жоғалтудың орташа жасы әлдеқайда төмен және шамамен 16 жас.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жүргізген зерттеулер АҚШ-та қыздар шамамен 17 жаста пәктігінен айырылса, ал ер адамдар 16 жас екенін көрсетті. Ұлыбританияда орташа жас ер мен қызда да 16 жасты құрайды, ал Жапонияда әйелдердің орташа жасы шамамен 30 жас болса, ерлерде 27 жас екенін анықталған.

Ер адамның пәктігі
Бұл – ер адамда жыныстық қатынас тәжірибесінің жоқтығы. Біздің қоғамда бұл әйел адамның пәктігі сияқты маңызды емес. Одан бөлек әлеуметтік және рухани құндылықтар негізінде сынға алынбайды. Керісінше, қоғам "ер адам неғұрлым тәжірибелі болғаны жөн" деп санайды. Зерттеулер бойынша, әлем бойынша ер адам алғаш рет 16-17 жаста жыныстық қатынасқа түседі.

Әйел адамның пәктігі
Пәктік — физиологиялық тұрғыдан бұл әйелдің гимені зақымданбауы. Бір кездері әйел пәктігі тазалықпен байланысты болатын. Дегенмен, ғылыми тұрғыдан, гимен — бұл қынап пайда болғаннан кейін қалған жұқа, серпімді тін. Одан бөлек қыздық перде кез-келген физиологиялық процестерге әсер етпейді және қыздың жыныстық қатынасқа түсіп не түспегенін көрсетпейді.

Қыздықты қынаптың кіреберісінде орналасқан гименальды мембрананың анатомиялық тұтастығымен байланыстырады. Алайда, қыздардың көпшілігінде гименальды мембрана мүлдем жабық болмайды. Олар созылмалы болғандықтан, көп жағдайда бұл жыныстық қатынастан кейін де өз формасын сақтап қалады.  Сол себепті қыздықтан айыру міндетті түрде ауырсынумен және аздап қан кетумен бірге жүрмеуі керек. 

Пәктікті сату 
Қыздықты сату — бұрыннан бар, әлі де жалғасып жатқан құбылыс. Бұл адам құқығының бұзылуы және қыздардың денсаулығына, әл-ауқатына теріс әсер ететін әрекет. Сонымен қатар,  бұл кей адамдар үшін табыс көзі.

Зерттеулер көрсеткендей, пәктікті сату көбінесе экономикалық даму және әлеуметтік қорғау деңгейі төмен елдерде болады.

Одан бөлек біздің еліміздің де кей өңірінде төсек тергеу деген дәстүр де бары жасырын емес. Бұл туралы толығырақ журналистіміз де зерттеу жүргізген болатын.


Т. Есқали