- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ер адам білуі...
Ер адам білуі тиіс 3 сан
1. Ер адамның белі 94 см-ден аспауы тиіс.
Қарны шыққан еркектің ішкі органдарын май басады. Бұл жүрек аурулары қаупін ұлғайтып, ерлердің басты гормоны тестостеронның түзелуін тежейді.
Не істеу керек?
- Дұрыс тамақтануыңызды қадағалаңыз.
- Спортпен шұғылданыңыз.
2. Өзіндік простат антигені (ПСА) 4 нг/мл-дан аспауы тиіс.
ПСА-ны еркектік без жасушалары түзейді. Оның басты қызметі – шәуетті сұйылтып, жатырдағы шырышты еріту, соның арқасында аталық ұрық терең ене алады.
ПСА деңгейі еркектік без қатерлі ісігінен көтерілуі мүмкін.
Не істеу керек?
- ПСА деңгейін тексертіп тұру.
3. Тестостерон деңгейі 33 н/моль-дан түспеуі керек.
Тестостерон негізгі қызметтері:
- Аталық ұрық синтезі.
- Сүйек және бұлшықет тарамдарын синтездеу.
- Қосымша жыныстық белгілер.
Тестостерон деңгейінің төмендеу себептері:
- Семіздік (вицералдық май тестостерон құрылуын тежейтін лептин гормонын түзейді).
- Гипофиз ісігі (аталық ұрық безіндегі тестостерон синтезін бақылайтын мидың бөлігі).
Не істеу керек?
- Арықтау.
- Дәрігерге қаралып, гипофиз ісігінің бар-жоғын тексерту.
- Дәрігер жазған гормондарды қабылдау.
Бұл сандардың нормаға сай болуы өміріңізді айтарлықтай жеңілдетеді.
Сурет: medicina03.net