- Негізгі бет
- Денсаулық
- Эндокринолог кәдінің пайдасы...
Эндокринолог кәдінің пайдасы туралы айтты
Ресейлік эндокринолог Полина Жаркова кәдінің пайдасы мен артықшылықтары туралы айтты, - деп хабарлайды "Известия".
"Кәді - артық салмақпен күресуде тамаша көмекші. 100 грамм кәдіде небәрі 24 килокалория бар. Бұл көкөністің 95 пайызы су, ал қалған 5 пайызы пайдалы талшықтар, микроэлементтер мен дәрумендер. Құрамында крахмал аз болғандықтан ас қорытуды жақсартуға және ішектерді тазартуға көмектеседі", - дейді маман.
Оның айтуынша, кәдінің құрамында С дәрумені көп. Бұл көкөніс жасушалардың ерте қартаюына жол бермейтін күшті антиоксидант. Кәді теріні, қан тамырларын, сүйектерді және тістерді қалпына келтіруге көмектеседі.
Г. Досымшалова"Ол инфекциямен күресуге жауапты лейкоциттердің синтезін ынталандырады. Цуккини құрамындағы А дәрумені арқылы көздіің көру қабілетін қадлпына келтіреді, иммундық жүйені нығайтады және ұрпақ сүю қызметін жақсартады", - деді Жаркова.