- Негізгі бет
- Денсаулық
- Елімізде мектептегі балаларға...
Елімізде мектептегі балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынады
Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина білім беру ұйымдарының егу орталықтарында жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
"COVID-19-ға қарсы егу республикадағы білім беру ұйымдары мен егу орталықтары желісінде жүргізіледі. Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің ерікті түрде хабардар етілген келісімінен кейін ғана бұл іс жүзеге асырылады”, - деді Цой үкімет отырысында.
Ол Премьер-Министрден облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне министрліктермен бірлесіп, мұғалімдерді, ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерін кәмелетке толмағандардың, жасөспірімдердің коронавирусқа қарсы екпе туралы хабардар етуді, сондай-ақ егу пункттерін санитарлық ережелерге сәйкес дайындауды, вакцинаның бірінші партиясы келгенге дейін мұздатқыш қондырғыларды орнату, вакциналарды тасымалдау, сақтау және пайдалану ережелерін сақтауды, медицина қызметкерлерін оқытуды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, балаларға Pfizer вакцинасы егіледі.
"Балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 4 миллион 230 доза вакцина сатып алынды. Бұл 2 миллион 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. 12 мен 17 жас аралығындағы балалар, жүктілігі 16-37 апталық кезеңдегі әйелдер вакцинацияланады. Жүктілік және бала емізетін әйелдер босанғаннан соң 42 күннен кейін алады. Comirnaty Pfizer вакцинасын сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанның 16 облысына 34 дана тоңазытқыш, сонымен қатар, қосымша 51 тоңазытқыш қондырғы сатып алынды. Олар барлық аймақтарға қараша айының соңына дейін жеткізіледі. 379 мың доза көлеміндегі Comirnaty Pfizer вакцинасының бірінші партиясын 15 қарашаға дейін жеткізу жоспарлаып жатыр”, - деді министр.
Аайта кетейік , министр бұған дейін бұрын коронавирусқа қарсы екпе алған азаматтарды қайта вакцинациялау 22 қарашада басталатынын айтқан болатын.
Т. Раушанұлы