- Негізгі бет
- Денсаулық
- Елеусіз қалатын қатерлі...
Елеусіз қалатын қатерлі ісік белгілері
Қатерлі ісік жасушасы кез келген адамда болатыны белгілі. Оның өсуі мен дамуына түрлі сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Лас ауа, дұрыс тамақтанбау, алған жарақат немесе күйзеліс те қатерлі ісікті тудырады. Бүгін елеусіз қалдыруға болмайтын қатерлі ісік ауруының алғашқы белгілерін айтатын боламыз.
1. Әйел адамдардың кеудесінің түсі өзгереді:
Сүт бездерінде кездесетін тығыздалған ісіктер рак ауруының белгісі болмауы мүмкін. Соған қарамастан дәрігерге барғаныңыз жөн. Оған қоса мынадай белгілер де кездеседі:
- Терінің жиырылуы, бөліктер;
- кеуде ұшының ісінуі;
- кеуде ұшынан өзге сұйықтықтың бөлінуі;
- қызару немесе бөртпелердің пайда болуы.
2. Іштің кебуі:
Іштің кебуіне қан кету немесе салмақ жоғалту белгілері қосылса, бірден дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Өйткені іштің кебуі омырау, ішек, асқазан, жатыр ісігінің алғашқы белгісі. Басқа белгілерге қарай отырып дәрігер толық гинекологиялық зерттеу жүргізеді. Қан құрамын тексеріп, маммография, компьютер томографиясын жасауға кеңес береді.
3. Қал:
Қатерлі ісіктің жиі тараған белгісінің бірі — адам терісіндегі қал. Егер денеңіздегі қал түсін, пішінін өзгертсе немесе жаңа қалдар пайда болса бірден дәрігерге қаралымына жазылуды ұсынамыз.
4. Салмақ жоғалту:
Әйел адамдардың басым бөлігі еш қиындықсыз арықтауды армандайды. Бірақ, тамақ және жаттығу режимін өзгертпесеңіз де, салмақ өзімен өзі азайса, онда дабыл қаққаныңыз жөн. Әсіресе, бес килограмнан артық жоғалтсаңыз, дерт түрін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жасаңыз. Көбіне, себебі күйзеліс пен қалқанша безінің ауруынан болуы мүмкін. Бірақ, қатерлі ісікті де тізімнен алып тастауға болмайды.
5. Қыжыл:
Тамақты мөлшерде тыс көп жегенде, алкоголь өнімдерін пайдаланғанда не күйзеліс кезінде асқазанда қыжыл пайда болады. Тамақтану режиміңізді өзгертіп, бір-екі апта күтіңіз. Егер қыжыл сол күй жоғалмаса, онда дәрігерге жазылыңыз. Ұзақ әлі шексіз қыжыл асқазан және тамақтың қатерлі ісігінің белгілері.