- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ежелгі ем-домның түрлері...
Ежелгі ем-домның түрлері
Қазіргі уақытта бұл емдік амал-тәсілдерді ешқашан, еш жерде қолданбауларыңызды сұраймыз. Ал өткен тарихымызға сөз берсек, төмендегі әдістер кең қолданыста болған.
- Біздің заманымыздағы V ғасырда брит тайпасында емдеуге келмейтін дерті барларға эвтаназияның «біртүрлі» әдісін қолданған екен. Бұл әдіс – ауруды жардан итеріп құлата салу;
- Бас ауырса, қылмыскерді асқан арқан жіппен басты орап байлайды екен;
- Джин бастапқы кезде дәрілік сусын болған.
- Біздің заманымыздың VI ғасырында Үндістанда пластикалық хирургия дамыпты. Ол кезде арнайы мамандар мұрынды жөндеу ісімен айналысқан. Себебі жарының көзіне шөп салған жағдайда Үндістанда мұрынды кесіп тастау жазасы бар еді.
- Псориаз ауруын ол кезде балықтармен бірге шомылу арқылы кетіретін болған, жансыз қалған теріні балықтар жеп қояды екен.
- Ежелгі Египетте күйіп қалған теріге алдын ала ешкі қиына малынған бақаны қоятын болған.
- Англияда таз адамдар өртелген аралардың күлін басқа үйкеген.
- Құтырғандарды ежелгі Саксонияда дельфин терісінен жасалған қамшымен сабаған екен.
- Сүлік жинау әдісі де басқаша болған. Жасамыс адам көп сүлік денесіне жабыспайынша су қоймасында отырады.
- Ықылық ату да кезінде ауру саналған. Ықылық атқан адамның тілін шоқ болып қызған темірмен күйдіретін болған екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: otvetkak.ru
А. Құлтай