- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дубайда арықтаған адам...
Дубайда арықтаған адам тағы да алтынмен апталады
Дубайда арықтағандарға алтын беретін байқау екінші рет өтпек. Биыл байқауға 15 мың адам қатысады деп күтілуде.
Ұйымдастырушылар алтынды қатысушы ретінде тіркеліп, 2 айдың ішінде 2 килограмм тастай алған адамдарға бермек. Әр килограмм үшін қатысушы 1 грамм алтыннан алып отырмақ.
Биылғы жылы бір адамға емес, бүкіл отбасыға назар салынып отыр. Сондықтан, байқауға артық салмаққа ие кішкентай балалар да қатыса алады.
Былтыр арықтаған адамдарға 16 килограмм алтын берілген еді. Балтыры жүлденің жалпы құны – 540 мың долларды құрады.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғар
М. Оңғарова