- Негізгі бет
- Денсаулық
- Диетолог сүт қосылған...
Диетолог сүт қосылған кофенің зиян екенін айтты
Сүт қосылған кофе асқазанға түскенде қорытылмайды. Бұл туралы «РБК.Стиль» басылымына берген сұхбатында танымал диетолог Анри Шено айтып берді, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Диетолог маман өліктің денесін жарып сойғанда асқазанда қорытылмай қалған сүт араластырылған кофе табылатынын айтады. Оның сөзінше, кофеге сүт қосып ішу қауіпті, себебі кофе мен сүт үйлеспейтін өнім. Сонымен қатар, маман кофені қай уақытта және қандай кофені ішу керектігі жайлы айтып өтті. Сөйтсе, кофенің тек эспрессо және ристретто деген түрлерін ішу керек екен. Және тек тамақтанған соң ғана. Ал диетологтың өз рационында басымдық көк шайға берілген екен.
«Кофе әрі аз мөлшерде, әрі мықты болуы керек. Дұрыс тамақтану үшін бірінші кезекте аз көмірсулардан бастау керек. Ал таңғы аста мен тек жеміс жеймін. Түстің уақытында және кешкі мезгілде қарапайым тамақ ішемін. Ал таңғы 11.00 және түс әлетіндегі 15.00-де тағы да жеміс жеймін. Бірақ бәрін де өз мөлшерімен. |
Мөлшерге жетпей немесе тым көп тамақтанып қою сіздің энергияңызды азайтады», – дейді Анри Шено.
Анри Шеноның мерано қаласындағы емханасында Монако ханшайымы, Катар әмірі, Лучано Паваротти сияқты атақты адамдар ем қабылдаған.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: style.rbc.ru
А. Құлтай