- Негізгі бет
- Денсаулық
- Денеңіз не дейді?...
Денеңіз не дейді?
Сен қалай ойласаң, мен солай көрінемін. Мені әдемі деп ойлашы, мен де сондай боламын.
Аурудың белгілері басталғанда оған көне салсаң, ауру да мені дендеп алады. Ол туралы ойлама.
Негативті эмоция шақыратын ойлармен жиі бас қатырсаң, мен ауырып қаламын. Себебі өмірлік алтыннан қымбат күш осы ойларға жұмсалады.
Қуаныш шақыратын ойлар мені өздігінен құлпыртып, көз алдыңда гүлдендіріп жібереді.
Менің қорым мен мүмкіндігім өте көп. Жай ғана маған сенім арт, бәрін қайта құра аламын. Құртылған ағзаны да қалпына келтіремін. Дәрігерлер емделмейді деген диагноз қойғанның өзінде аурудан сауыға аламын. Тек қалауыңмен, сеніміңмен маған көмектес.
Мен жүздеген жыл жасай беруге құрыламын. Ал сен 35-40 жасыңнан бастап неге бірден қарттық туралы ойлайсың? Сен мені өзің ойыңмен қартайтасың. Қоғамыңда да адамның шектік жасы 100 екеніне сендіретін бағдарлама көп.
Бір нәрсе жер кезіңде бір кез болса да менің не қалайтынымды сұрап көрші. Мен саған міндетті түрде жауап беремін. Бұл екеумізге де тек пайдасын тигізеді.
Сұлулыққа қайта соққым келіп тұр. Мені небір түрлі косметика, ботокс, силикон, акрил, гельдермен қинамашы. Мен онсыз-ақ әдемі бола аламын. Маған мүмкіндік бер. Сонда өзің қалаған қалыпқа келемін.
Мен таза ауада тыныстағанды, жүгіргенді, жүзгенді, билегенді жақсы көремін. Саған қуаныш әкелетін әрекеттер маған да ұнайды. Компьютер, теледидар алдында сағаттап отыруды жек көремін.
Мен саған өте сенемін. Егер бір тілім торт жегенде семріпі кетемін деп ойласаң, ойды орындап, мен де семіремін.
Мен сені өте жақсы көремін. Өзім туралы тек жақсы, жағымды сөздер айтқаныңды қалаймын. Кей-кейде болса да...
Ешқандай жақсы сөз қимасаң да, мен сені өте-өте жақсы көремін.
Мен сенің денеңмін, сенің әлеміңмін. Сен де үлкен әлемнің бір бөлшегісің.
Осылай болғаны үшін рақмет айтамын.
Сөзіме құлақ түргенің үшін алғысым шексіз.
Бір-бірімізге үнемі қамқор болып, көмектесіп отырайық.
@. @assel_assanova