Дене қызуы қай градуста қалыпты саналады?

Дене қызуы қай градуста қалыпты саналады?
Фото: elnuevoherald.com

37 градусқа дейінгі дене қызуы қалыпты саналады. Алайда бұл ескірген көрсеткіш екенін білесіз бе? Сонау 1868 жылы өткен зерттеуде неміс дәрігері Карл Рейнхольд Август Вундерлих 25 мың науқастың дене қызуын өлшеп, 37 градусқа дейінгі көрсеткішті қалыпты деген тұжырымға келген. 

АҚШ-тың Филадельфия штатындағы Мютте атындағы медицина тарихы мұражайында Вундерлихтің зерттеу жүргізген термометрі сақталған. Зерттеушілер сынап толы шыны тубустың көрсеткіші (Вундерлихтің термометрі) заманауи сандық термометрмен салыстырғанда 2-3 бірлік жоғары екенін байқаған. 

Шын мәнінде, дене қызуының орташа температурасы жоқ. Өйткені ер мен әйелдің, бала мен ересектің дене қызуы әркелкі. 

Адам таңертең ұйқыдан тұрғанда дене қызуы әлдеқайда төмен болады. Дене шынықтыру жаттығуларын жасаған, болмаса дәрі ішкенде, сондай-ақ ыстық күнде дене қызу сәйкесінше жоғарылайды.

©DiLei

Ғалымдар дене температурасы адамның жасы, жынысы, уақыт пен өзге факторлар әсер ететін икемді тұжырымдама деп саналуын дәлелдеумен келеді. Мысалы, дене қызуы таңертең 37,2 градус болса, бұл қалыптан тыс көрсеткіш саналады. Ал түсте бұл көрсеткіш қалыпты болуы мүмкін дейді ғалымдар.

Коронавирус жұқтырған кезде дене қызуының көрсеткіші 38 градусқа дейін болса – қалыпты саналады. Егер температура бұл көрсеткіштен төмен болса, ағза иммун жүйесіне ескерту сигналдарын жіберу арқылы инфекциямен күресіп жатқанының көрсетеді. 

Адамның ішкі дене қызуының өлшеуіші аралық ми бөлімінде (гипоталамус) орналасқан. Ол адам ыстықтағанда тер бөліп, тоңғанда тітіркендіреді. Бактерия не вирус жұққанда пироген аталатын молекулалар бөлінеді. Олар қан тамырлары арқылы гипоталамусқа түсіп, дене қызуын көтереді. Бұл тыстан келген жаумен күресу үшін қажет. 

Дене қызуы 38 градустан көтерілгенде бірден дәрігерге қаралу қажет. Өйткені оның қаупі жоғары. Температураның одан ары көтерілгенін күтпей қызуды түсіретін дәрі-дәрмек ішкен жөн. 

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры

А. Рысдәулет