- Негізгі бет
- Денсаулық
- ДДҰ: Пандемияның жаңа...
ДДҰ: Пандемияның жаңа толқыны басталуы мүмкін
Delta мен Omicron штамдары бірігіп, әлемдік пандемиялық жағдайды ушықтыруы мүмкін. Соның әсерінен коронавирус пандемиясының жаңа толқыны түзілуі ықтимал. Осылай деп болжам айтты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Гебрейесус.
Қазір Еуропаның бірнеше елінде вирус жұқтыру көбейіп кетті. Мәселен, Италияда бір күнде 100 мың адам, Францияда 208 мың адам, Ұлыбританяда 129 мың адам, АҚШ-та 500 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды.
Тедрос Гебрейесустың айтуынша, бұған себеп – жылдам жұғатын Omicron штамының жаппай тарауы. Мутацияланған бұл штамм адамның қорғаныш қабатын оңай алдап өтеді. Кейбір вакциналар бұл штамға төтеп бере алмайды. Мәселен, Synovac Omicron-нан мүлде қорғай алмайды.
"Ең қауіптісі сол – Қытай әлі нағыз пандемиямен бетпе-бет келген жоқ. Егер елде басталған қауырт жұқтырудың алдын алмаса, сұмдық пандемияның құрсауында қалуы мүмкін. Миллиондаған адам вирус жұқтыруы ықтимал. Әсіресе, Жаңа жылды тойлау мерекесінде карантин шарасын қолдану аса маңызды", - деп ескертті Гебрейесус.
ДДҰ басшысы коронавирусты жұқтырумен қатар ауруханаға түскен және қайтыс болғандардың да саны артқанын айтады. "Omicron тез жұққанымен, ауыр халге түсірмейді" деген болжамның жалған болып шықты.
Қ. Слямбек