- Негізгі бет
- Денсаулық
- ДДҰ 5 жастан...
ДДҰ 5 жастан асқан балаларға арналған Pfizer Covid-19 вакцинасын мақұлдады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) иммундау бойынша сарапшылардың стратегиялық консультативтік тобы (SAGE) 5-11 жас аралығындағы балаларға Pfizer/BioNTech вакцинасын егуді мақұлдады, деп хабарлады SAGE 19 қаңтардағы отырысынан кейінгі мәлімдемеде. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Мәлімдемеге сәйкес, ДДҰ-ның консультативтік тобы Pfizer/BioNTech вакцинасын 5-11 жас аралығындағы балаларға қолдануды кеңейтуді ұсынды. Балалар үшін 10 микрограмм азайтылған доза ұсынылады, бұл ересектерді вакцинациялау үшін қолданылатын дозадан үш есе аз.
Сонымен қатар, ДДҰ-ның консультативтік тобы егде жастағы адамдар немесе медицина қызметкерлері сияқты қауіп тобындағы адамдарға бастапқы вакцинациядан кейін 4-6 айдан кейін коронавирусқа қарсы күшейткіш вакцинацияны ұсынды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының иммундау департаментінің басшысы Кейт О'Брайен консультативтік топтың шешімдеріне түсініктеме бере отырып, ұйымда балаларға коронавирус вакцинасының күшейткіш дозасы қажет екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ екенін атап өтті.
А. Оралқызы