Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамдарға бетперде тағу керегін айтты.
"Сіз вакцина алсаңыз да немесе ауырып шықсаңыз да маска тағу керек. Себебі вакциналанған адам ауырмаса да, вирус оның ағзасына өтіп, ақылды бола түседі және бір сәтте ол басқа адамға жұғуы мүмкін, симптомсыз да", - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік,кейінгі тәулікте 1730 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 416442. Сонымен қатар, кейінгі тәулікте 1165 адам коронавирус індетінен сауығып шықты.