Вирусты індетке шалдыққан адамға көп дәрумен ішуге болмайды. Әсіресе, коронавирус жұқтырғандардың инфекциясы дәруменмен бірге күшейіп, сауығуды тежейді. Бұл жайлы rg.ru басылымы хабарлайды.
"Вирус та дәруменнен қуат алады. Сондықтан адам вирусқа шалдыққан кезде дәрумен ішудің қажеті жоқ. Бірақ ағза сауыққаннан кейін міндетті түрде дәрумен ішкен жөн", - дейді ресейлік дәрігер Людмила Лапа.
Дәрігердің айтуынша, әдетте адам вирустан айыққаннан кейін бір аптадан кейін дәрумен ішкені дұрыс. Сонда адам ағзасын күшейтіп, иммунитетін көтереді.
Дәруменді асқазаны ауыратын адамдарға байқап ішкені жөн. Алдымен дәрігермен ақылдасып алуы керек.
Ағзаға дәрумен мен микроэлементтердің жетіспеуі мен мөлшерінен асып кетуі де зиян. Сондықтан қалыпты деңгейде ұстау қажет.