- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрігерлер коронавирус жұқтырған...
Дәрігерлер коронавирус жұқтырған адамда антидене бір жылдан астам уақыт сақталатынын айтты
Фин ұлттық денсаулық сақтау және әлеуметтік даму институтының ғалымдары коронавирусқа қарсы антиденелердің бір жылдан астам уақыт сақталатынын хабарлады.
"Финляндия ұлттық денсаулық сақтау және әлеуметтік даму институтының зерттеуіне сәйкес, COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың көбінде бір жылдан астам уақыт антиденелер сақталатыны байқалды", - делінген институттың хабарламасында.
Мамандар коронавирусты бір жыл бұрын жұқтырған еріктілерді зерттеп, олардың 97%-ында коронавирустың ең жоғары белоктарын танитын IgG антиденелері бар екенін тіркеді.
Антиденелер көбінде табылғанымен, бірақ олардың мөлшері алты ай бұрынғыдан үштен бірге дейін азайған.
Зерттеу барысында антиденелердің жаңа штамдарды бейтараптандыру қабілеті де зерттелді. COVID-19 жұқтырғаннан кейін пайда болған антидененің "альфа" штамынан қорғаныс деңгейі орташа, ал "бета" және "дельта" штамдарынан қорғаныс қабілеті едәуір төмен екені анықталды.
"Зерттеу нәтижелері антиденелер мен жаңа инфекциядан қорғану коронавирус жұқтырғаннан кейін ұзақ уақыт сақталатынын көрсетті", - дейді институт өкілі Мерит Мелин.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ ғалымдары "коронавирус жұқтырған адамда өмір бойы иммунитет сақталады" деп мәлімдеген болатын.
А. Оралқызы