- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрігерлер галстук тағудың...
Дәрігерлер галстук тағудың зиянды екенін айтты
Неміс дәрігерлері галстук тағудың бас мидағы қан айналымына кері әсер ететінін анықтады. Зерттеудің нәтижелері Neuroradiology журналына жарияланды.
Шлезвиг-Голштейн университеттік ауруханасының мамандары галстук мойындырық көктамыры мен ұйқы күретамырын қысып, ағзаға кері әсер етеді деген тұжырымға келді.
Зерттеу жұмыстарына 30 адам қатысты. Олардың жартысына галстук тағылып, магнитті-резонансты томография жасалды. Қалғандары да тексеруден өтті, бірақ галстуксыз.
Зерттеу нәтижесінде галстуктың мидағы қан айналымды айтарлықтай төмендететіні анықталды.
Дәрігерлер мынадай мәселені көтеріп, дабыл қағып отыр: көптеген компаниялар мен мамандық иелерінде дресс-код міндеттелген және оның ішінде галстук пен жағалы жейде бар. Алайда жұмыс берушілер олардың зиянды екеніне бас қатырмайды.
Дереккөз: ria.ru
Massaget.kz