- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрігер "омикрон" жұқтырғандарда...
Дәрігер "омикрон" жұқтырғандарда ең көп кездесетін белгілерді атады
Бангладеште коронавирустың "омикрон" штаммын жұқтырғандардың төрттен үш бөлігі (73 пайызы) мұрынның ағуына шағымданған, деп мәлімдеді елдің Денсаулық сақтау бас басқармасының ресми өкілі, профессор Назмул Ислам. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Оның айтуынша, бас ауруы пациенттердің 68 пайызында байқалған, ал науқастардың 64 пайызы әлсіздік болғанын хабарлаған. Сонымен қатар, осы штаммды жұқтырғандардың кем дегенде 60 пайызы түшкіру немесе тамақ ауруы мазалағанын, 44 пайызы жөтелгенін айтқан.
"Біз бұл белгілерге назар аударуымыз керек, өйткені олар маусымдық тұмаудың белгілеріне ұқсайды", - деді профессор.
Коронавирустың "омикрон" штаммы немесе B.1.1.529 қараша айында Ботсвана мен Оңтүстік Африкада анықталды. Мамандардың айтуынша, бұрын ауырғандар және екпе алғандар оны жұқтыруы мүмкін. Жаңа нұсқа қазірдің өзінде 110 елде, соның ішінде Қазақстанда анықталған. Ол алдыңғы дельта штаммына қарағанда тез таралады.
Т. Раушанұлы