- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрігер денсаулыққа қауіпті...
Дәрігер денсаулыққа қауіпті сусынды атады
Ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников Россия 1 телеканалында қай сусын адам денсаулығына үлкен зиян келтіретінін айтты.
Оның айтуынша, компот пен жеміс-жидек сусындарының құрамында қант көп, сондықтан одан мүлде бас тартқан дұрыс.
"Газды сусын қант диабеті, семіздікке әкелетін, ақыр соңында онкологиялық ауруларды тудырады. Көптеген елдерде оны мектептердің жанында сатуға тыйым салынуы бекер емес. Бұл — остеопороздан қатерлі ісікке дейінгі денсаулықтың нашарлауына апаратын жол. Ол сонымен бірге жүрек ауруына да шалдықтырады", - деді Мясников.
Дәрігердің айтуынша ең дұрысы қара су ішу. Ол, судан басқа, шай мен кофе ішуге кеңес берді. Мясниковтың айтуынша, күніне екі-үш кесе кофе ішуге болады. Бұл сусын бауырға пайдалы және аритмияны төмендетеді.
"Кофе ревматоидты артритке, остеопорозға көмектеседі. Өйткені оның құрамында мыңнан астам биологиялық белсенді заттар бар. Сонымен қатар көк шайдың қатерлі ісікке қарсы әсері бар",- деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор, кардиолог Заурбек Шугушев кофенің жүрек-қан тамырлары жүйесіне қалай әсер ететінін және қан қысымы жоғары адамдарға бұл сусынның зияны қандай екенін айтқан болатын.
Дәрігердің айтуынша, қан қысымы жоғары адамдарға кофе ішуді тоқтатудың қажеті жоқ. Бұл сусынның гипертониялық науқастарға теріс әсері аз.
Т. Раушанұлы