COVID-19: Жаңа штамм туралы не белгілі және ол қаншалықты тез таралады?

COVID-19: Жаңа штамм туралы не белгілі және ол қаншалықты тез таралады?
Фото: Freepik

Дүние жүзіндегі ғалымдар, ДДҰ және әртүрлі елдердің үкіметтері коронавирустың жаңа штаммының пайда болуына алаңдаулы. Кейінгі уақытқа дейін оны жұқтыру оқиғалары Африканың оңтүстігінде, ОАР-да және Ботсванада тіркелген. Дегенмен, қазір Гонконгта, Бельгияда және Израильде жұқтырған адамдар тіркелді. Мамандар жаңа штаммның бүкіл әлемге тез таралуына қауіппен қарайды. BBC аталмыш вирус туралы егжей-тегжейлі жазды. 

Қазіргі уақытта Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясында жаңа штаммды 77 адам және Ботсванада 4 адам жұқтырған.

Гонконгта Оңтүстік Африкадан келген науқас жергілікті бір адамға жұқтырған. Бұл штамм бірнеше күн бұрын Бельгияда Мысырдан келген ер адамнан анықталған. Израильдегі жағдайдың ықтимал себептері әлі жарияланған жоқ.

Дегенмен, оңтүстік африкалық ғалымдар өздерінің зерттеулеріне сүйене отырып, жаңа штамм Оңтүстік Африканың барлық дерлік аймақтарында бар екенін айтады. Жаңа штамм екі апта ішінде іс жүзінде "дельтаны" ығыстырып шығарып, өз тәртібін орнатқан. Зерттеу нәтижелері әлі жарияланған жоқ.

Ұлыбритания Африканың алты еліне – Оңтүстік Африка, Ботсвана, Намибия, Лесото, Зимбабве және Эсватиниге рейстерді тоқтатты. Израиль премьер-министрі Нафтали Беннетт 25 қарашада Африканың көптеген елдеріне ұшуға тыйым салынатынын мәлімдеді. Бірқатар ел Оңтүстік Африка Республикасымен әуе қатынасын тоқтата бастады. 

Жұма күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа қауіпке арналған жиын өткізеді. "Альфа", "Бета" және "Дельта" штаммдары сияқты, жаңа штаммның грек атау алатыны белгілі болды.  Кейіннен жаңа штамм – "омикрон"  деп аталды.

Ғалымдар жаңа штамм мутацияларының саны қорқынышты дейді. Коронавирустың алдыңғы нұсқаларының ешқайсысы мұндай күшті мутацияға ұшырамаған.

Қазіргі уақытта ең маңызды мәселе – бұл штамм қаншалықты тез таралады.

Жаңа штамм туралы не белгілі?

Ғалымдардың айтуынша, оның бұрынғылардан айтарлықтай айырмашылығы бар.

"Бұл нұсқа бізді таң қалдырды. Ол үлкен эволюциялық дамудан және 50-ге жуық мутациядан өтті", - деді журналистерге Оңтүстік Африканың эпидемиологиялық реакциялар және инновациялар орталығының профессоры Тулио де Оливейра.

 

50 мутацияның 30-ға жуығы вирус қабығындағы спик-белок – тәж тәрізді тікенектерге жатады. Олардың көмегімен вирус адам жасушасына орналасады.

Бұл жаңа штаммның ең алаңдатарлық аспектісі. Ғалымдар вакциналардың көпшілігі осы тікендерді бейтараптандыру үшін жұмыс істейтінін айтады.

Вирустың спик-белоктан басқа бөлігі жаңа нұсқада 10 рет мутацияға ұшыраған. Салыстыру үшін, Delta штаммында вирустың бұл сегменті екі мутация жасады.

 

Ғалымдардың пікірінше, иммунитеті әлсіреген және вирусты жеңе алмаған науқастың ағзасында мутация деңгейі туындауы мүмкін.

Омикрон несімен қауіпті?

Күшті мутация адамдар үшін қауіпті болмаса да, сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта пайда болған вирус Уханда пандемия тудырған вирустан түбегейлі айырмашылығы бар екенін түсіну керек.

Бұл осы уақытқа дейін жасалған барлық вакциналар Омикронға қарсы тиімсіз болуы мүмкін дегенді білдіреді.

 

Атап айтқанда, кейбір мутациялар адам ағзасындағы антиденелердің вирусты бұрынғыдай оңай танымайтындығына әкеледі.

- N501Y деп аталатын мутация вирусты жұқпалы етеді. Әрбір жаңа өзгеріспен вирустың таралуы артады;

- Ғалымдардың алаңдайтыны осы – вирустың таралу әлеуеті кеңірек. Сонымен қатар, жаңа штамм адамның иммундық жүйесінің соңғы уақытқа дейін оңай анықталатын кейбір аймақтарын алдауды үйренді;

- Вакцинация деңгейі жоғары елдерде коронавирустың жаңа нұсқасы қай жерде көрінетіні белгісіз;

- Сондай-ақ аурудың берілу тұрғысынан Delta штаммынан қаншалықты қауіпті екені белгісіз.

Қазіргі уақытта зертханалық жұмыс жүргізіліп жатыр. ДДҰ елдерден эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейтуді және жаңа штаммдардың таралуы туралы тұрақты статистиканы ұсынуды сұрады.

Т. Раушанұлы