- Негізгі бет
- Денсаулық
- "Бұл қателіктерді бәрі...
"Бұл қателіктерді бәрі жібереді". Арқа ауруына әкелетін 6 нәрсе
Кей ауруларды емдеудің және ауырсынуды басудың жақсы әдісі - өз өміріңізді өзгерту. Бұл арқаның созылмалы ауруына да байланысты. Арқаңыз ауырмас үшін мына әдеттерден арылыңыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter.ru порталына сілтеме жасап.
Ересектердің көпшілігі арқа проблемасымен қиналады. Олар қандай қателіктер жібереді?
Дұрыс емес отыру
Көпшілік адам күніне көп сағат отырады да, омыртқасын "өлтіреді". Жұмыс орнын дұрыс жабдықтау керек. Мысалы, компьютер экраны көз деңгейінде тұру керек, оған басты төмен еңкейтіп қарауға болмайды.
"Бас физиологиялық емес, мәжбүрлі жағдайда орналасады. Бірінші кезекте мойын бөлігіне, омыртқааралық дискілерге, байламдарға, буындарға күш түседі", - дейді невролог дәрігер Валерий Черненко.
Аяқты айқастыра отыру
Бұл омыртқаның төменгі бөлігінде ауырсыну пайда болуға әкеледі, қан айналымды нашарлатады және кіші жамбас, жыныстық органдар ауруларын туындатуы мүмкін.
Орындыққа бірден және күшпен отыру
Осылайша, әркез омыртқаға соққы жасайсыз. Соның себебінен шеміршекті беттер мен дискілер зақымдалады.
Сөмкені тек бір иыққа асу
Британдық зерттеулер бойынша, әйелдердің шамамен 50%-ы сөмкені тек бір иыққа асып жүретіндіктен, арқа ауруымен қиналады.
Дұрыс тамақтанбау
Көлігіңізді нашар отынмен толтырсаңыз, ол жылдамырақ бұзылады. Біздің ағзамызда да солай. Дәрумендерге және минералдарға толы дұрыс әрі түрлі тамақтану барлық органның, соның ішінде бұлшықеттер мен буындардың саулығын сақтап тұрады. Жеткілікті мөлшерде су ішуді ұмытпаңыз. Ол омыртқааралық дисктердің дұрыс қызмет етуіне де қажет.
Белсенді болмау
А. Жапатова"Гиподинамия (қозғалыстың аз болуы) - көптеген аурулардың, соның ішінде арқаның созылмалы ауруының себебі. Бірақ спортшыға айналу міндетті емес, аптасына екі-үш сағат жаттығу жасау, тіпті, орташа қарқында жүру де жеткілікті. Ол арқаның ауруын алдын алуға көмектеседі", - дейді Кельн университетінің денсаулық орталығының профессоры Инго Фробезе.