Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

Жұмыс күндерінде әйел адамдардың қалжырап, шаршауы қалыпты құбылыс. Алайда ешқандай себепсіз, үйдегі күндерде де шаршап-шалдығып, өз-өзіңізден серги алмай жүрсеңіз, бұған немқұрайлы қарамаған жөн. Мамандардың айтуынша, жалғасты бір апта бойы шаршау пен қалжырау күйі сезілетін болса, міндетті түрде дәрігерге қаралған жөн.

Қан аздық

Қан аздық ауыруы адам денесіндегі гемоглобинді төмендетеді. Гемоглобин өкпе сімірген оттегін дененің барлық жеріне жеткізу рөлін атқарады. Денеге оттегі жетіспегенде қалжырау пайда болады.

Әйелдер әдеті келгеннен кейін қан кету себебінен қан аздық ауруына кіріптар болуы мүмкін немесе денедегі темір қышқылы, витамин қышқылы, втамин В12-ның кем болуы да қан аздық ауруын туғызады. Егер сіз үнемі шаршап, дел-сал болып, қол-аяғыңыз мұздап, басыңыз айналып, көзіңіз қарауытып жүрсе, онда сіз қан аздық ауруына кіріптар болғаныңыз. Қан толтыратын жасыл азықтықтар мен ет өнімдерін көбірек тұтыну керек. Осы үрдісті бір ай жалғастырсаңыз, өнімі көрілуі мүмкін, қан аздықтан айықсаңыз, шаршап-шалдығуды да ұмытасыз.

Кофе мен коланы азырақ ішіңіз

Көбінесе жұмыстағы әйелдер рухын серпілтіп, шаршағанды басу үшін кофе мен кока-коланы ішуді жақсы көреді. Бірақ, әйел заты үшін кофені артық ішу денеге кері әсерін туғызуы мүмкін.

Жүрек қызметі

Күнделікті үй шаруасы мен ауладағы таусылмас күйбең тірлік немесе жұмыстан кейін қатты шаршап, қалжырау кейде жүрек қызметіне де әсерін тигізбей қоймайды екен. Мамандардың айтуынша, көптеген әйелдер жүрек қызметінің кедергіге ұшырағанын білмейтіндіктен, оған мән бермейді. Сондықтан қалыпсыз шаршау құбылысына бей-жай қарамаған жөн.

Азық-түліктің кері рекциясы

Азық-түліктерді жарамдылық мерзіміне қарап, сенімді дүкендерден ғана сатып алыңыз. Басқа жағдайда азық ағзаға кері әсер етуі мүмкін. 

Қалқанша без қызметінің төмендеуі

Медициналық зерттеулер нәтижесінде 60 жастан асқан әйелдердің 20%-ы қалқанша без қызметі қалыпсыздығынан қалжырайды екен. Сондықтан керекті гормондарды толықтырып, қалқанша без қызметін жақсарту керек.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: health.zjol.com.cn 

M. Auelkhan