Бір жұтым су көңіл-күйді көтереді

Бір жұтым су көңіл-күйді көтереді

Бір жұтым су адам баласының көңіл-күйін көтеріп, жағдайды жақсарта алады. Дәл осындай жаңалықты Коннектикут университетінің бір топ ғалымдары жария қылып отыр. 

Адам ашуланып, тұла бойы тітіркенген кезде өз бетімен барып су ішкісі келіп тұрады. Және ол қылығын өзі де түсінбей жатады. Ғалымдардың айтуы бойынша, құрғап кету күні бойы компьютер алдында отырған және ұзақ қашықтыққа жүгіріп жүрген жандарға бірдей әсер етпек. Ал физиологтар жағы күніне 8 стаканннан аз су ішпеу керектігін ескертеді. Сонда барып қана ағза өзін жақсы сезініп, тиісінше, сырттан келер сигнал атаулы миға толықтай барады екен.

Зерттеушілердің өздері де көңіл-күйлері төмен сәтте жақсы ән мен тәтті шоколад жеудің орнына су ішетін болып шықты. 

Міне, бүгін саған тексеріп көрудің нағыз сәті туып отыр. Бүгін жұма емес пе?!

сурет:smachno.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига