- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бос минутты пайдаға...
Бос минутты пайдаға асыр
Жұмыста не сабақта, не үйде бос минутыңыз пайда бола қалды ма? Осы уақытты қалт жібермей, пайдалы өткіземін десеңіз, мына 9 кеңеске көз жүгіртіңіз:
1. Қасыңыздағы біреуді қатты құшақтаңыз. Бұл сіздің де, құшағыңызда абыржыған досыңыз не әріптесіңіздің де көңілін көтеріп, сератонин есімді бақыт гормонының пайда болуына әкеледі.
2. Жұмыс орныңыздан тұрып, біраз тартылыңыз. Тартылу қан айналымын жақсартып, бір сәтте денеңізге энергия береді.
3. Қатарынан екі стақан суық су ішіп алыңыз. Мұздай судың салқындату қасиеті денеңізді оятып, бойыңызды сергітеді.
4. Жұмыс орныңызды (сөмкеңізді, үйіңізді) ретке келтіріңіз. Ғалымдар дәлелдеген: қоршаған ортасын қадағалап, реттеп тұратын адамдар өздерін басқаларға қарағанда жақсырақ сезінеді.
5. Дәрігеріңіз не емханаңызға қоңырау шалып, қабылдауға тіркеліңіз. Бұрыннан бері емдей алмай жүрген, қолыңыз тимеген денсаулығыңыздың әлдебір ақауы бар болар? Оны қайта кейінге қалдырмай, қазір тындырып тастаңыз.
6. Терезе ашып, бөлмеңізге таза ауа кіргізіңіз. Әрине жұмыс және оқу орынындағы бөлмелердің бәрі жасанды түрде желдетіледі. Алайда кондиционерлер қауіпін ескеріп, таза ауамен дем алғаныңыз дұрыс.
7. Тоңазытқыш не тамақ сөрелерінен дәмді бір нәрсе алып жеңіз. Алайда оның денсаулыққа пайдасы бар екендігіне көз жеткізіңіз. Тіскебасардың құрамында сізге энергия беретін дәрумендер болуы шарт.
8. Күнделікті кофенің орнына лимон тілімі қосылған ыстық су ішіп көріңіз. Бұл ерекше сусын детоксикационды қасиетке ие. Осы сусынды сүйіп ішетіндер терілерінің жағдайы жақсарғанын айтады. Лимонды судың сергіту қасиеті кофенікіден кем емес екен.
9. Қолыңызды жуып алыңыз. Күні бойы кеңседегі әр затты бір ұстағандықтан, қолыңыз далада жүргендей кір болады. Қолдарыңызды сабындап жуып, қолыңызға кішігірім массаж жасап қойыңыз. Бұл қолыңыздың біраз демалуына мүмкіндік береді.
Сурет: lady.ru
С. А