- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бауырға ұнайтын тағамдар...
Бауырға ұнайтын тағамдар
Адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі және астағы дәрумендерді бүкіл ағзаға үлестіріп отыру – бауырдың негізгі қызметі. Бүгінгі заманда бауыр ауруларынан зардап шегетіндер саны артып келеді. Оның бір себебі нашар экология болса, тағы бір себебі ақпараттық заманда адамдардың үнемі асығыс жүріп тамақтануы, фаст-фудтық тағамдарға деген ерекше құмарлық. Бауырды сау ұстау күндіз өзімізді сергек сезініп, өнімді жұмыс істеудің, денсаулықтың кепілі. Назарларыңызға бауырға пайдалы бірнеше тағам түрлерін ұсынамыз.
● Бал. Бауыр бұл тәттіні өте жақсы көреді екен. Бал – табиғаттың бізге сыйлаған ең жақсы шырыны. Ол асқазанда өте жеңіл қорытылады.
●Сарымсақ. Бауыр ферменттері жұмысын жақсартады. Құрамында бауырды тазалайтын аллицилин мен селен элементтері бар.
● Көк шай құрамында бауыр мен бүкіл ағзаны қалдықтардан тазалайтын катехин элементі бар. Регенерациялық қызметі бар, адамды жасартуға көмектеседі.
● Авокадо құрамында бауырды тазалайтын глутатион элементі бар. Тұрақты тұтыну арқылы бауыр тінін жақсартуға болады.
● Алма бауырды зиянды заттардан қорғайды.
● Зәйтүн майы. Салқын күйінде сығылған зәйтүн майы ағзаны токсиндерден тазартып, ең қажетті қоректі заттармен қамтамасыз етеді.
●Көк шөптер: аскөк, балдыркөк, насыбайгүл, ақжелкен. Ағзаға қажетті дәрумендер береді, улы заттарды шығаруға көмектеседі.
●Куркума – зімбір өсімдігінің бір түрі. Одан жасалған дәмдеуіштер теріңізді жасартып, ағзаны бағалы заттармен қамтамасыз етіп, бауырды тазалайды.
●Жаңғақ. Ингредиент аминоқышқылдарға бай. Құрамында бауырдың жақсы жұмыс істеуіне көмектесетін глютен және омега-3 май қышқылдары бар.
● Грейпфрут. Бауырдың жұмыс істеу сапасын жақсартады.
● Балық. Бауырға омега-3 май қышқылдарын жеткізеді.
Т. Раушанұлы