- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бананның қабығын тастамаңыз...
Бананның қабығын тастамаңыз
Бананның қабығын тастамаңыз. Оның орнына бананмен қосып жеңіз. Пайдасы өте мол. Әсіресе, жүрекке пайдалы. Осылай дейді үнді және америка ғалымдары.
Ғалымдардың зерттеуі ACS Food Science & Technology журналында жарияланған. Зерттеуде бананның қабығы тіпті бананның өзінен де пайдалы екені айтылған.
Мамандардың айтуынша, банан қабығы өте пайдалы болғасын тағамға қосып пісірген жақсы екен. Кей шетелде банан қабығынан нан, піспенан дайындайтын көрінеді.
Бананның қабығын ұнтақтап бәліш, нан, піспенанға, басқа да нан өнімдеріне қосып пісірсе, тағамның пайдалы қасиеті артады. Әсіресе, калий мен магнийге қанық болады. Бұл жүрек жұмысын жақсартады. Ішектегі пайдалы бактерияларды көбейтеді, сол арқылы иммунды жүйені күшейтеді. Ас қорытуды реттейді, - деп сипаттап жазылған зерттеу матриалда.
Мамандардың айтуынша, банан қабығының тағы бір қасиеті – антиоксидант бола алатыны. Яғни, қатерлі ісіктің алдын алуға көмектеседі.
Жасыл, сары, қоңыр: Қай түсті банан пайдалырақ?
Қ. Слямбек