- Негізгі бет
- Денсаулық
- Банан жеуге 5...
Банан жеуге 5 себеп
Банан - дәмді, жеңіл жеміс. Ол ағзада тез қорытылып, денсаулыққа әкелер пайдасы мол. Одан басқа да бананның пайдалы қасиеттері келесідей.
- Бананның 100 граммында - 376 мг калий бар, бұл шама артық сұйықтықты ағзадан шығару үшін жеткілікті.
- Бұл жеміс серотонин немесе "бақыт гормонын" бөлуге қатысады. Бір банан жеу арқылы сіз көңіліңізді жайдары қылып, жүрек-тамыр ауыруларының дамуынан өзіңізді қорғайсыз.
- 100 грамм бананда 2,3 грамм жасұнық (клетчатка) болады. Ол қан құрамындағы холестериннің шамасын төмендетіп, жүректі аурулардан сақтайды.
- Ауыр жұмыс күнінен кейін тынығып дем алуға банан сусыны көмектеседі. Банан және басқа да сүйікті жемістеріңізді (манго, ананас) блендерде үгітіп, йогурт, бал, апельсин шырынын қосыңыз.
- Банан - мықты афродизиак. Калий, А дәрумені, табиғи қанттар күтпеген сезімдердің бастамасы бола алады.
Ал сіз бананды ұнатасыз ба?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: rostovurolog.ru
С. А