Балды массаждың пайдасы неде?

Балды массаждың пайдасы неде?

Балды массаж бізге ежелгі Тибеттен келген, бірақ ол көне Русь елінде бал молынан болған соң сол жерлерде жақсы дамыған. Балды массаж жайлы естіген боларсыз,бірақ оның пайдалылығы жайлы толық білмеуіңіз мүмкін. Сондықтан біз осы массаждың пайдалылығы жайлы сіздермен бөліспекпіз.

Барлық мамандар балды массаждың химиялық препараттарға қарағанда берері мол деп отыр.

Алдымен балды массаж барлығына да бола бермейтінін ескертуіміз керек. Оны гипертониясы, дене температурасы жоғары, түгі мол адамдарға қолданбау керек. Басқа адамдарға ол тек пайдасын тигізеді. Ол тері тесіктері арқылы шлактарды шығарып,көңіл-күйіңізді көтеріп,серкегтік сыйлайды. Сонымен балды массаждың қандай пайдасы бар?

Бал ол табиғи өнім,оның құрамы адам ағзасына керекті элементтерге толы.

Бал құрамындағы заттар,адам денесіне сіңіп,оны түбегейлі тазартады. 15 минуттан кейін ол жалтырап тұрған балдың түсі қоңырлана түседі. Балдың түсінің өзгеруі ол тері арасындағы шлактарды алып шығуда. Ал тері жұмсарып және тері көздері тұздармен шлактардан тазартады. Массаждың осы түрі целлюлитпен күресіп жүрген әйелдерге таптырмас әдіс. Олардан толық құтылу үшін,бір емес бірнеше балды массажды курс қабылдауы керек.

Балды массаж тек косметологиялық жағынан емес, басқа да жағынан пайдалы. Бәрімізге белгілі, біздің ішкі ағзаларымыз,буындарымыз,бұлшық еттерімен терімен тығыз байланыста. Ал сол массаж тері тесіктерінің көзін ашып,сонымен қатар ішкі ағзаларды да тазарта алады. Сізде зат алмасу процесі жақсарады. Осы массаж түрін қолданған нәзік жандылар, өздерінде қанат пайда болғанын айтып жатады.

Балды массаж жүйке жүйесіне пайдалы. Ол стресте және ұйқы бұзылғанда көмекке келеді. Балды массажды тек сұлулық жағынан керек деп ойламаңыз.

Мысалы ішкеде балды массаж жасай аласыз. Ол үшін:2 шай қасық табиғи балға бірнеше тамшы кез келген эфирлі май қосыңыз. Балды алақаныңызбен ысқылап,ішіңізді шапалақап койыңыз. Дауа барысында бал қоюлана түсіп,қол мен ішіңізге жабысады. Осылайша вакуум әсері орын алып, массажды одан әрі әсерлі қылады. Бал ағара бастаған сәтте,тереңізден зиянды заттар бөлінгенін біліңіз. Оны жылы сумен сүртіп,қайта бал жағып, массажды жалғастырыңыз. Бұл дауаға 20минут жарап жатыр.

Остеохондрозда табылмас ем. Адамның әдемі жүруі оның омыртқасына байланысты. Егер сізде арқаңызда және мойыныңызда тұз жиналған болса,сізге керегі осы. Омыртқа ол су ағатын арық секілді. Сіз жылына бір рет болса да артық қоқыстардан тазартасыз. Сол секілді жылына бір рет омыртқаны шлактар мен тұздардан тазартып тұру керек.

anabol.kz

А. Оралқызы