- Негізгі бет
- Денсаулық
- Балауыздың адам денсаулығына...
Балауыздың адам денсаулығына пайдасы
Балауыз бен сүт қосындысының сіздің денсаулығыңызға пайдасы мол. Ол өкпе ауруларын, салқын тигеннен болатын аурулардың алдын алуға көмектеседі. Сонымен бірге шаршағаныңызды басып, керемет көңіл-күй сыйлайды. Бүгін біз сіздерге балауызды қандай жағдайда, қалай пайдалану керектігін айтамыз.
1. Дәріханадан балауыздың 10%-дық тұнбасын сатып алыңыз. Оның 25 мл бөтелкесі біразға жетеді. Бағасы да көңілге қонымды.
2. Ұйықтар алдында 20 тамшы балауызды 100 мл сумен араластырып ішіңіз. Бір айда 10 рет тұтынсаңыз жеткілікті. 4-6 ай өткен соң тағы да қайталаңыз.
3. Алайда мектепке дейінгі балаларға оны мөлшерден тыс беруге болмайтынын ескеріңіз. Оларға жатар алдында 1-2 тамшы балауызды 1/3 стақан сүтпен араластырып берсеңіз де болады.
4. Панкреатит, гастрит, асқазан, бауыр ауруларына шалдықсаңыз, 6 ай бойы балауыз бен сүттің қоспасын ішуіңіз қажет. Емделу курсын толық аяқтағаннан соң нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз.
5. Сонымен қатар, бұл тұнба қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайтады. Тері, қышыма ауруларынан арылуға көмектеседі.
6. Адам психикасының ретке келуіне көп әсер етеді. Егер сіз балауыз тұнбасын тұтынсаңыз, жаныңызды жегідей жейтін артық ойлардан арыласыз. Ал ол сіздің өміріңізде өте маңызды рөл атқарады.
Ж. Исакаев