- Негізгі бет
- Денсаулық
- Балалық шақ неліктен...
Балалық шақ неліктен есте қалмайды?
Ересек адамға балалық шағын еске алған қиынға соғады. Жиі жағдайда біз 4-5 жастағы кезімізді әрең еске аламыз. Ал одан ерте кезді еске алуға бола ма? Балалық шақ неліктен есте қалмайды?
Осы сұрақтарға жауап іздеген АҚШ Эмори Университетінің мамандары балалардың еске сақтау қабілетіне қатысты алғаш рет тәжірибелік зерттеу жасауға бел буды.
Олар бірнеше жылға жалғасқан кең көлемді зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында 3 жасар балалардан өмірлерінде орын алған қандай да бір қызықты жайтты еске алуға сұраған. Келесі жылы да дәл осы балалардан дәл сол жағдай жайлы сұраған. Кейін балалар 5, 6, 7, 8, 9 жасқа келгенде сол баяғы балалық шағындағы жағдай жайлы әңгіме қозғаған. Өсе келе балалар өмірлеріндегі ең алғаш орын алған жағдайларды әрең еске алатындығы дәлелденді.
83 бала қатысқан зерттеу нәтижесінде балалар жеті жасқа толғанда, оның есінен өмірінің алғаш жылдары ұмытыла бастайтыны белгілі болды. Бұл феномен ғылымда "балалық амнезия" деп аталады.
Зерттеуге балақайлардың ата-аналары қатысып, баланың сөздерінің дұрыстығын растап отырған. 5-7 жасар балалар өткен шағының 63-72%-ын еске ала алса, 8-9 жасар балалар тек 35%-ын еске түсіре алды. Осылайша дәл осы сәтте, яғни 7 жаста, баланың есте сақтау жүйесі өзгеріп, бала кездегі ойлар ұмытылады екен.
Осылайша "балалық амнезия" феноменінің алғаш тәжірибелік дәлелі пайда болды.
Қазірде "балалық амнезия" феномені жайлы бір жақты пікір жоқ. Кейбір ғылымдардың ойы бойынша, жас балақайлар кішкентай кезінде есті тіл үйрену және қоршаған ортаны түсіну үшін қолданады дейді. Сонда да, оларда күрделі оқиғаларды ойда сақтау үшін күрделі нейрондық архитектура, әлі қалыптасып үлгермейді.
Ал сіздің есіңізде балалық шақтағы оқиғалар сақталған ба?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: vk.com
С. А