- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бала емізетін әйелге...
Бала емізетін әйелге пайдалы шырын
Сәбіз шырыны барлық дертке соның ішінде көздің көру қабілетін жақсартып, жанарға түсетін салмақтың алдын алады. Көкөністің құрамы темір, йод, кальций, калий, магний, натрий мен аминқышқылдарына бай болғандықтан жүрек қан-тамыр жүйесі, бауыр мен бүйрек ауруларында пайдасы айтарлықтай мол. Халықтық медицинада қалқанша безі, суық тию, инфекция, қаназдық дертінде ем ретінде қолданылған. Сонымен қатар асқазан жарасының жазылуы мен қатерлі дерт кезінде ісік жасушаларының өсуін тежей алатын қасиетке ие. Назарларыңызға емдеудің бірнеше тәсілін ұсынамыз.
1. Қаназдық кезінде жарты стақан балғын сәбіз шырынына 2 жұмыртқаның сарысын қосып, ас ішуден 40 минут бұрын ішеді.
2. Жоғары тыныс алу жолы, туберкулез аурулары және көз нашар көрсе 1 ас қасық сәбіз шырынына 1 шай қасық бал қосып емге пайлананыңыз.
3. Несеп жолдары мен өт қабына тас пайда болғанда, атеросклерозда күн сайын 1 ас қасықтан 3 рет ішу керек.
4. Жүктілік кезінде сәбіз шырыны құрамындағы пайдалы заттар ағзадағы дәрумендердің орнын толықтырады. Әсіресе жүктіліктің соңғы айында оны көбірек ішсе, жұқпалы дертті жұқтыру қаупінің алдын алады.
5. Жүкті әйел жерік кезінде ішсе асқорыту қызметін жақсартып, асқа тәбетін арттырады.
6. Бала емізетін әйелдерге сәбіз шырынының пайдасы өте көп. Оның құрамындағы А дәрумені сәби ағзасындағы жетіспейтін дәрумендердің орнын толықтырады. Бала тез өсіп-жетіледі, ағзасы инфекциямен тез күреседі. Мамандар сәбиге үш айдан бастап шырын беруге болатынын айтады.
7. Мөлшерінен тыс сәбіз шырынын ішсе тері сарғайып кетуі мүмкін. Одан қорқудың қажеті жоқ. Мұндай кезде уақытша шырын ішуді тоқтату керек.
8. Сәбіз шырынын гастрит, қант диабеті кезінде және қышқыл жоғары болған жағдайда тұтынбаған жөн.
Біліп жүріңіз:
1. Шырын дайындау алдында жеміс-жидек пен көкөністерді ас содасы салынған сумен шаяды.
2. Қызылшадан шырын алудан бұрын оны 2 сағат тоңазытқышта ұстайды.
3. Ем ретінде қолданылатын шырындарды ас ішерден 30-40 минут бұрын ішеді.
4. Шырынды дайындайтын жеміс-жидек, көкөністердің бұзылмағанына көз жеткізіп алған жөн. Әсіресе кеміргіштерден сақтану керек. Өйткені олардан түрлі аурулар жұғу қаупі бар.
5. Кейбір шырындар тіске жағымсыз әсер береді. Сондықтан оны түтікшемен ішкен дұрыс не болмаса артынан ауызды сумен шаю керек.
6. Әрбір шырынның ағзаға пайдасымен қатар, зиянды тұстары кездесетінін біліп жүріңіз. Мәселен, қызылша шырынын ішкен кейбір адамдардың жүрегі айнып, басы айналады. Жүрегі қатты соғып, әлсіздікке соқтырады.
7. Цитрусты шырынды дәрі-дәрмек ішкен кезде пайдалануға мүлдем болмайды.
Н. Үсенова