- Негізгі бет
- Денсаулық
- "Бактериялар шашырауы мүмкін"....
"Бактериялар шашырауы мүмкін". Унитазға дұрыс отырасыз ба?
Фото:
ru.freepik.com
Дәрігер және блогер Нұғман Әбілхайыров өзінің инстаграм парақшасында дәретханада ескеру керек жайттарды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер мынадай кеңестер ұсынды:
- Нәжісті ағызарда унитаздың қақпағын жабыңыз. Зиянды бактериялар су арқылы шашырайды;
- "Бүркіт" позасында отырыңыз. Ішек жолдарыңыз қысылмай, дәрет алуыңыз жеңілдейді.
- Телефонға үңіліп ұзақ отыруға болмайды. Ол іш қату, геморрой секілді түрлі ауруларды қоздырады;
- Ауа сергітуші құрал (освежитель воздуха) қолдануға болмайды. Құрамы улы химия, ол рак ауруын қоздыруы мүмкін.
А. ЖапатоваПосмотреть эту публикацию в Instagram