- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бактериялар ең көп...
Бактериялар ең көп жиналатын орындар
Бактериялар жайлы тақырып қашанда өзекті. Өйткені бактериялар мен микробтар ішкі ағзаға түсіп, ішек құрты, туберкулез, асқазан, тері аулары секілді ауруларды тудырып, одан әрі асқындырады. Ағзаға қауіп төндіретін бактериялар тек қана көше заттарынан келеді деген қате пікірде болмаған жөн. Себебі біздің күнделікті қолданылатын заттардың барлығы дерлік ауру тудыратын микробтардың ордасы болып табылады. Назарларыңызға бактериялар ең көп жиналатын орындар қатарын ұсынамыз.
1. Азық-түлік турайтын тақтай
Ғалымдардың зерттеуі бойынша азық-түлік турайтын тақтайдағы түрлі бактериялар қоқыс шелегінің қақпағымен салыстырғанда, 200 есе көп екен. Неге десеңіз, қоқыс шелегінің қақпағын үнемі хлор немесе басқа да заттармен жуып дезинфекциялайды. Ал азық-түлік турайтын тақтайды көпшілік адамдар жай ғана сумен шайып қоя салады. Мұндайда тақтай арасына бактериялар жиналып қалады. Сондықтан да ғалымдар ағаштан жасалған тақтайды емес, пластиктен жасалған тақтай түрлерін пайдалануды және әр қолданудан соң тазалап жуып, қайнаған сумен шайып тұруға кеңес береді.
2. Теледидар пульті
Теледидар пультінің беткі бөлігі мен түймелерінің арасы бактериялардың нағыз мекені. Себебі оны жуылмаған, кір, май қолдармен ұстайды. Ал оны түрлі микробтардан күн сайын немесе ағат сайын сүртіп те тазарту мүмкін емес. Сондықтан да пультті полиэтилен пакетке орап қолдануға кеңес береміз. Мұндай тәсілмен қолдану бактерия санын азайтады. Сонымен қатар әр тамақтанудың алдында қолды тазалап жуу керек.
3. Қол сағаты
Қол сағаттың қандай түрі болмасын, бактериялардың ордасы болып табылады. Олар жұқпалы тері ауруларын тудыруы әбден мүмкін. Әсіресе қолды жарақаттап немесе жара шыққан жағдайда қол сағаттың тигізер зияны көп. Себебі оған жабысқан микробтар жара бетіне түсіп, жағдайды одан әрі ушықтырады.
4. Сүлгі және езгіштер (губка)
Сүлгі мен езгіштердің (губка) арасына жиналған микорбтар қайта қолдану кезінде теріге жабысады. Мұндай жағдайда теріде қандай да бір зақымдалған жер болса, бактериялар сол жерден ағзаға еніп, ауруға шалдықтырады. Дәрігерлер жеке сүлгілерді аптасына бір рет жуып, әр қолданудан соң міндетті түрде кептіріп тұру керек екенін айтады. Ал қонақтарға арналған сүлгілерді қолданған соң бірден жуу керек.
5. Төсек қаптары
Төсек қаптарын жуудың өзі оны таза етпейді. Себебі жуғаннан кейін де бактериялар бұрыш-бұрышында жиналып қалады. Ал мұндай төсекте бір рет жатқаннан кейін-ақ 10 млрд-тан астам микроб түрлері қайта жиналып, түрлі ауру түрлерінің пайда болуына әкеліп соқтырады. Сондықтан да мұндай қауіптілікті төмендету үшін аптасына бір рет төсек-орнын ауыстырып, оларды ыстық суға салып жуу керек.
Кез келген сөмке ішіне бактериялар мен микробтар өте көп орналасады. Себебі сөмке ішіне түрлі заттар салып, оларды алғанда жуылмаған қолмен ұстап алып жатамыз. Ал сөмке ішіндегі микробтар ішкі ағзаға түссе ауру тудырады. Сондықтан да сөмкелерді бактерияға қарсы заттарды пайдалана сүртіп, аптасына 1 рет тазалап жуып тұрыңыз.
Бактериялардан қорғану үшін, әрбір адам жеке басының тазалығын сақтап, заттарын өзгеге пайдаландырмаған дұрыс. Әсіресе балалардың заттарын жеке ұстап, оларды жиі жуып-тазалап, ыстық сумен шайып тұру қажет.
О. Сансызбай