Әйелдердің сөмкені таза ұстағаны абзал

Әйелдердің сөмкені таза ұстағаны абзал

Әйел адамдардың сөмкесінде өмір сүретін микроағзалар саны әжетханаға қарағанда әлдеқайда көбірек екен. Бұл жайлы Initial Washroom Hygiene деп аталатын британдық ұйымның қызметкерлері мәлімдеді, дейді The Daily Mail.

Тексеру барысында әрбір бесінші сөмке денсаулыққа қауіп-қатері бар бактериялардың мекені екендігі анықталған. Сөмкедегі ең лас зат – қол кремі: бактериялардың ең көбі крем түтігінде жиналады екен. Бұдан кейінгі орында ерін далабы мен кірпікке арналған тушь тұр.

Теріден жасалған сөмкелер аса қауіпті екен, себебі уақ тесікті тері бациллдердің көбеюіне себепші болады. Мамандар әйел адамдарға қолды жиірек жуып, антибактериалды құралдармен сөмкені тазалап тұруды ұсынады.

Сонымен қатар, дәл осы зерттеуге сәйкес, ас үйдегі жұмыс орнының беті де лас келеді – ол жерде ішек таяқшасының бактериялары мекендейтін көрінеді. Сонымен бірге кептіргіштер ауру тудыратын батериялардың ортасы саналады екен.

Бұдан бұрын кеңсе құрал-жабдықтарын жеткізумен айналысатын Viking компаниясының қызметкерлері компьютер үстелі және пернетақта, телефон, монитор секілді оргтехникалар бактериялардың көбеюіне бірден-бір себепші болатын «берекелі» орта екендігін мәлімдеген болатын.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM