- Негізгі бет
- Денсаулық
- Әйелдер үшін ең...
Әйелдер үшін ең қауіпті сусын
Таяуда бір топ ғалымдар әйел денсаулығы үшін ең қауіпті сусынның сыра екендігін анықтады.
Сөз жоқ, сыра ерлер үшін де, әйелдер үшін де аса зиян. Алайда, алкогольді сусынның жойқын әсері нәзік жандылар қауымына тиіп отыр.
Сыраны көп ішетін әйелдердің сымбаты ғана бұзылып қоймай, гормоналдық жағдайын өзгеріске түсіреді.
Сыраның құрамындағы фитоэстроген қыз баласының денсаулығы үшін ең жоғарғы қауіпті төндіреді екен. Аталған зат ағзаға түсісімен гормон теңгерімсіздігіне ұшыратып, соңы бедеулікке соқтырады. Фитоэстроген жүйке жүйесінің бұзылуына да жол ашады. Әйел ашуланшақ, күйгелек, ызақор болып кетеді.
Ал көбікті сусынның салмақты арттыратыны бүгінде ешкім үшін жаңалық емес.
Сыраның бір бөтелкесінде 200-250 ккал. болады. Бұл дегенің толыққанды түскі астың жартысына пара-пар. Сондай-ақ, негізгі компоненттері (құлмақ, спирт) тәбетті күшейте түседі. Нәтижесінде, қаншалықты мөлшерде тамақ жейтініңізге есеп бере алмай қаласыз.
Сол себепті, тамақтану тәртібіңізге жауапкершілікпен қарап, ағзаңызға пайдасы тиетін, сізді сұлу, дені сау ететін сусындарды таңдай біліңіз!