- Негізгі бет
- Денсаулық
- Аяқты қабырғаға көтеріп...
Аяқты қабырғаға көтеріп жатудың пайдасы
Бұл жаттығудың ең жағымды жері – оның қарапайымдылығы. Үйдің қабырғасына перпендикуляр жатып, оған жамбасыңызды тіреп, аяғыңызды жоғары көтеріп және қолыңызды қабырғаға параллель созып, бойыңызды еркін ұстап жату керек. Бұл жаттығуды ұзақ жасаудың қажеті жоқ, оған 15 минут жетеді.
Жаттығуды 5 минуттан бастап күніне 2 минуттан қосу арқылы көбейтіңіз. Бастапқы кезде тез жалықтыратындай көрінгенімен, шыдамдылық білдірсеңіз, денені босаңсытуға үйренесіз.
Бұл қалып күні бойы тұрғанда немесе отырғанда дененің төменгі жағы істейтін қозғалысты «ауыстырып» жіберуге көмектеседі. Оның пайдасы көп. Бұл төңкерілген жаттығу аяқта жиналған сұйықтықты тасып, жалпы қалыпқа келуге және дененің төменгі бөлігіндегі жүктемені кетіріп, тізе астындағы сіңірді созуға көмектеседі. Егер жүгіруден соң немесе көп қозғалыстан кейін басыңыз айналып кетсе, осы жаттығу көмектеседі.
Мұндай жаттығу аяқты босаңсытуға ғана емес, сонымен қатар мойын мен арқадағы салмақты түсіруге көмектеседі. Қабырғаға аяқты көтеріп жату күнде компьютерде отырудан пайда болған бүкірлікті кетіреді. Бұл жаттығудың тағы бір артықшылығы 10-20 минут жеке уақытыңыз бөлінеді. Қазіргі технология дамыған кезде өзіңізге арналған уақыт табыла бермейді.
А. Жапатова