- Негізгі бет
- Денсаулық
- Аяқты айқастырып отырудың...
Аяқты айқастырып отырудың зияны
Фото:
vsezdorovo.com
Аяқты айқастырып отыру зиян. Мұны әдетке айналдырған адам варикозға шалдығуы мүмкін. Осылай дейді мамандар.
Әдетке айналдырмаса да, бірақ аяқты жай ғана ұзақ айқастырып отырудың өзі адамның қан айналымын бұзады. Аяқты айқастырған кезде ірі тамырлар қысылып қалады да, қан жүру нашарлайды. Содан жүрекке салмақ түсуі мүмкін.
Бұдан бөлек, бұлшықетке қысым түсіп, аяқ домбығып не ісініп кетуі де мүмкін көрінеді. Қисайып отыру арқаға да зиян. Арқаның омыртқасы қисайып, ортасындағы дискілері орнынан тайып кетуі ғажап емес.
Қ. Слямбек