- Негізгі бет
- Денсаулық
- Аяқ-қолдың мұздау себептері...
Аяқ-қолдың мұздау себептері
Аяқ-қолдың мұздауы кей жағдайларда табиғи болуы мүмкін. Олар әрқашан алдымен суықты сезеді және соңынан жылиды. Бұл өмір сүру механизмінің маңызды элементі.
Біз суық ауа райына тап келсек, ми аяқ-қол тамырларының тарылуын мәжбүр етіп, қан айналымын шектейді. Бұдан қан қатты салқындамайды да, маңызыды болған ішкі ағзалардағы жылудың сақталуына көмектеседі.
Бірақ кейде күн ыстық уақытта да аяқ-қолымыздың мұздап тұрғанын сеземіз. Мұндай жағдай кей ағзалардың дұрыс жұмыс істемеуінен болады екен.
1. Мазасыздық, күйзеліске түсу
Күйзеліске түсу кезінде ағза оған жауап ретінде адреналин бөле бастайды. Бұл гармон денені жүгіруге немесе соққыға дайындайды. Ағзадағы қан айналымының жедел тарылуы ағзаның оқыс жағдайға жайындалуының бір көрінісі. Мысалы, жүгіру, соққы кезінде аяқ-қолыңыз жарақат алса, қан тарылу әсерінен көп қан жоғалтпайсыз. Бұл өміріңізді сақтайтын маңызды факторлардың бірі боп саналады.
Емі қандай?
Ең маңыздысы көбірек дем алу және жүйкені тыныштандыру. Күйзелістен арылсаңыз аяқ-қолыңыз тез арада қайтадан жыли бастайды.
2. Қан айналымына қатысты проблемалар
Қанның дұрыс айналмауы – бұл қол-аяқтың мұздауының ең көп таралған себептерінің бірі. Қан айналымының нашарлауына түрлі факторлар ықпал етуі мүмкін:
варикозды тамырлар;
қан тамырларының бітелуіне әкелетін холестериннің жоғарылауы (глюкоза);
темекі шегу;
Жүрек қан-тамыр аурулары;
қозғалыссыз өмір-салты.
Емі қандай?
Егер аяқ-қолыңыз жиі мұздап қала беретін болса, дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Дәрігер қан айналымы бұзылуының себебін анықтайды да, қажетті ем тағайындайды.
3. Темір тапшылығы анемиясы
Қандағы гемоглобин тапшылығы қолдарыңыз бен аяқтарыңыздың үнемі суық болуының негізгі белгілерінің бірі.
Емі қандай?
Темірдің жетіспеушілігі, әдетте, әлсіздікпен, тез шаршаумен, шаш пен тырнақтың сынуы арқылы білінеді. Егер, осы белгілерді, сондай-ақ аяқ-қолдың мұздағанын байқасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз. Ол қан анализінің нәтижелеріне негізделген диетаны немесе нақты дәрі-дәрмектерді тағайындауды ұсынады.
4. Қалқанша безі гормондарының жеткіліксіздігі
Гипертиреоз – қалқанша безінің гармонын әдеттегіге қарағанда көп бөле бастауы. Басқаша айтқанда, гипертиреоз гипотиреозға қарама-қарсы ауру. Қалқанша безі гармондарының төмендеуі ағза жұмысын баяулатса, гипертиреоз кезінде ағза жұмысының қарқыны қатты артады.
Гипертиреоз белгілері:
Жүйке жүйесіндегі өзгерістер: ұйқысыздық, көңіл-күйдің аумалы-төкпелілігі; Тершеңдік; Әлсіздік; Жүректің қатты соғысы; Дірілдеу, әсіресе, саусақтар қатты дірілдейді; Көздің күп болып ісіп кетуі, көзді бір орынға қадай алмау; Арықтау; Іш өту. Жоғарыдағы белгілер біліне бастаса, міндетті түрде эндокринолог-дәрігерге қаралу керек. Бұл ауру қатты асқынбаған болса, емделуге болады.
Емі қандай?
Консервативті емдеу түрі: препараттар көмегімен емдеу; Радиойодты терапия: радиоактивті йод көмегімен емдеу; Хирургиялық емдеу: наркоз негізінде операция жасау. Көбіне бұл ауруға әйел адамдар шалдығады. Ал аяғы ауыр және бала емізіп жүрген әйелдерді гипертиреоздан емдеу өте қауіпті.
5. Қант диабеті
Қант диабеті – көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.
Қандағы глюкозаның артуы тамырларды тарылтады. Сол себепті қан айналуы баяулайды да аяқ-қол мұздай бастайды.
Емі қандай?
Қант диабетін растау үшін терапевтке хабарласыңыз. Егер ауру диагнозы қойылса, дәрігер аяқ-қолдың мұздауының алдын алатын емдеу шараларын айтады.
6. Бүйрек ауруы
Бүйрек функциясының бұзылуы қан тамырларының қысылуын және қан айналымының бұзылуын тудыратын ісінуге әкелуі мүмкін. Бұл ең алдымен аяқ-қолдардың ісінуіне және мұздауына алып келеді.
Емі қандай?
Дәрігерге хабарласыңыз. Ол сіздің бүйректеріңізді тексеруге көмектесетін тестілерді тағайындайды. Қажет болса, ол ісінуден және басқа жағымсыз белгілерден арылуға көмектесетін дәрі-дәрмектерді тағайындайды.
7. Анорексия
Анорексия – ағзаның тағамдық орталығы қызметінің бұзылуы салдарынан тамақтануға физиологиялық қажеттілік бола тұра тәбеттің болмауы.
Анорексиядан туындаған майлы тіннің болмауы ағзадағы жылуды ұстап тұруды қиындатады. Ми өмірлік маңызды органдардың жұмыс істеуі үшін қажетті температураны ұстап тұру үшін қоршаған ортада - аяқ-қолдарда қан айналымын шектейді.
Емі қандай?
Анорексияда аяқ пен қолдың мұздап қалуынан басқа белгілері жеткілікті. Олардың негізгісі – салмақ жоғалту. Егер сіз мұны байқасаңыз ауру асқынып кетпеуі үшін жедел түрде терапевт көмегіне жүгініңіз.
8. Ұйқының бұзылуы
Ұйқысыздық – метаболизмді және қан айналымын баяулатады. Қан ағымының баяулауы, басқалармен қатар, аяғымызды мқздауына алып келеді.
Емі қандай?
Ұйықтап, күніне кемінде 7-8 сағат демалуға тырысыңыз. Бұл аяқ-қолдарды жылытуға ғана емес, сонымен қатар жалпы әл-ауқат пен денсаулыққа пайдалы.
Т. Раушанұлы