- Негізгі бет
- Денсаулық
- "Ауызға қышқыл дәм...
"Ауызға қышқыл дәм келеді". Кекірудің қауіпті белгілері
Жиі адамдар дастархан басында көп сөйлесе, күлсе немесе газдалған сусын ішсе, кекіреді. Бірақ кейде ол әр тамақтанғаннан кейін пайда болады. Дәрігер Светлана Ченская Doctorpiter.ru порталына денсаулыққа қауіпті кекірік белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көпшілік кекіруді тойып кетумен байланыстырады. Алайда ол әркез тойып кетуден болмайды. Егер жиі кекірсеңіз, бұл ағзадағы қандай да бір проблеманы білдіруі мүмкін.
Егер кекіру тойымды түскі немесе кешкі астан кейін және ауа бір рет шығып кетсе, бұл қауіпті емес. Әдетте, асығыс тамақтанғаннан, әсіресе газы бар сусындарды көп ішіп-жеп қойсаңыз, кекірік пайда болуы мүмкін.
Бұл кезде жаңа ішкен немесе жеген тамағыңыздың дәмін және иісін сезуіңіз мүмкін. Мұндай кекірудің зияны жоқ.
Алайда мына белгілер сізді ойландыруы керек:
1. Әр тамақтанғаннан кейін және не жегеніңізге қарамастан кекірік пайда болады;
2. Кекіріктен соң қыжыл пайда болады;
3. Кекіріктен жағымсыз иіс шығады;
4. Кекіріктен соң ауызда қышқыл, ащы, сасық иіс қалады;
5. Асқазаныңызда ауырлық пайда болады;
6. Ішіңіз бұрқылдайды, үлкен дәретпен проблема пайда болады;
7. Кекірік аш қарынға немесе тамақтанғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң бірнеше рет пайда болады.
Егер өзіңізден бұл белгілерді байқасаңыз, дәрігерге көріну керек. Себебі бұл қауіпті асқазан-ішек жолы ауруларын, зат алмасудың бұзылуын және тіпті, қатерлі ісіктерді білдіруі мүмкін.
А. Жапатова