- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ауызбен дем алудың...
Ауызбен дем алудың зияны
Ұйқы сапасының төмендеуі технология дамыған заманда адамның басты проблемасының біріне айналды. Оның себебі түрлі болуы мүмкін. Мысалы, қорылдайтын адамның ұйқысы нашар болып қоймай, тыныс алуы бұзылады. Ал тек мұрынмен дем алатындардың ұйқысы тыныш, денсаулығы мығым болады дейді ғалымдар.
Мұрынның тыныс алу процесіндегі маңызы зор. Оның алдыңғы бөлігі шырышты және түкті келеді. Осының арқасында лас ауаны тазалап, құрғақ ауаны дымқылдандырады.
Ал ауыз арқылы дем алғанда құрғақ ауа бірден өкпеге түсіп, ешқандай сүзгіден өтпейді. Ауыздан кірген ауа сәл ғана жылып, кеңірдектен бірден өкпеге түседі. Сондықтан тек ұйықтағанда емес, күнделікті өмірде ауызбен тыныс алудың зияны көп.
Ұзақ уақыт ауызбен дем алу мына жағдайларға душар етуі мүмкін:
– ауыздың құрғауы;
– ауыздан жағымсыз иіс шығуы;
– қызыл иектің бұзылуы;
– ауыз қуысы гигиенасының нашарлауы;
– балалардың таңдайы мен жағының дұрыс өспеуі;
– ортодонтиялық проблемалар;
– жұмсақ таңдайдың салбырауы;
– ұйқы сапасының нашарлауы салдарынан күні бойы әлсіздік сезіну.
Кейбір адамдардың қанша ауызбен дем алуға тырысқанымен қолынан келе бермейді. Аллергиясы бар адамдарда, мұрынның қисайғанда, мұрын қуысы ауруы бар және тамақ‚ көмей бездері ісігенде мұрынмен дем алуы қиындап, тек ауызбен тыныс алуға итермелейді.
А. Рысдәулет