- Негізгі бет
- Денсаулық
- Атақты миллиардер рак...
Атақты миллиардер рак ауруының бетін қайтарды
Белгілі американдық бизнесмен-миллиардер, Berkshire Hathaway инвестициялық холдингінің басқарушысы сексен екі жастағы Уорренның денсаулығы туралы дәрігерлер: «Өміріне қауіп төнер ештеңе жоқ» дегенді айтып отыр.
«Артта үлкен белестер қалды: маған жасалған радиотерапияның қырық төртінші күні аяқталды. Дәрігерлердің сөзінше, менің денсаулығыма төніп тұрған аурудың беті қайтқан секілді », - дейді Уоррен.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Баффетке жеңіл рак диагнозы қойылды, деп ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлаған болатын. Компания инвесторларының арнайы арызына жауап ретінде аурудың тек алғышарттары ғана байқалып келе жатқанын айтып хабарлап еді.
Шілде айының ортасында ғана Баффет радиотерапияның екі айлық курсын бастауға тәуекел еткен еді. Емдеу шаралары Небраска штатындағы Медициналық орталықта басталған. Бизнесменннің сөзіне сенсек, олар асқынып келе жатқан аурудың бетін дер кезінде қайтарған.
Баффетт 1930 жылы 30 тамызда американдық Омаха қаласында дүниеге келген. 1951 жылы мектеп табалдырығымен қоштасып, Колумбия университетіне оқуға түсті. 1965 жылы Berkshire Hathaway компаниясының атқарушы директоры болды.
Баффет 2008 жылғы Forbes журналы анықтаған әлемнің ең бай адамдары тізімінен ойып тұрып орын алған болатын.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
суреттер: liveinternet.ru, worldfinancenews.ru
А. Әбілхан