- Негізгі бет
- Денсаулық
- Асқабақтың пайдасы...
Асқабақтың пайдасы
Көпшілігіміз күнделікті пайдаға асырып жүрген асқабақтың ағзамызға тигізер пайдасы жөнінде біле бермейміз. Асқабақ өнімдерін пайдаланудың да өзіндік артықшылықтары бар екен:
▪︎ Асқабақтың құрамында кальций, цинк, марганец, фосфор, йод, фтор мен магний элементтері жеткілікті.
▪︎ Асқабақты склероз, диабет және өт қабынуына шалдыққан жандар көптеп пайдалануы керек.
▪︎ Асқабақ артық салмақтан арылуға көмек береді.
▪︎ Асқабақты жүктілік кезеңінде де қолданған жөн.Әсіресе, жас аналар асқабақпен қоректенсе, витаминдер қорын жияды әрі сәбиге де пайдалы.
▪︎ Асқабақ шырынын қабылдау суық мезгілде пайдасын тигізеді.Тұмау мен өкпе ауруынан зардап шексеңіз, асқабақ шырынын ішіңіз.
▪︎ Асқабақ дәнінің құрамында цинк пен белок жеткілікті.Олар асқазан мен ішек, сонымен бірге бауыр ауруларымен күресуге көп көмегін береді.
▪︎ Егер сіз тері түлеуіне немесе тері ауруларына жиі тап болсаңыз, асқабақты қолданысқа енгізіңіз.
Г. Берік