- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ашығу арқылы салмақ...
Ашығу арқылы салмақ қосуға бола ма?
Дұрыс тамақ ішпеген адам жүдеу, арық болады, оған көп тамақ ішу керек деген түсінік бар ел арасында. Сондықтан салмақ қосқысы келгендер толуым керек деп шамадан көбірек тамақ ішуі мүмкін. Бірақ көп тамақ ішкеннің өз зияны бар.
Адамның арық, салмағының жеңіл болуы тамақ қорыту мен оны сіңіру құбылыстарының тепе-теңдікте болмауынан. Ас қорыту мен құнды заттарды сіңіру жолдарының дұрыс жұмыс жасамауынан. Адамның дене құрылысы көп мөлшерде жеген тамақтан емес, сол тамақтың жақсы қорытылып ішкі дене мүшелерінің көмегімен дене жасушаларына сіңуіне тікелей байланысты.
Тамақ дұрыс қорытылмай дене клеткаларына толық сіңірмейінше арық адам толмайды, тіпті пайдасыз тамақтан адам күш-қуатынан айырылып, ауыр халге душар болуы мүмкін. Адам өз салмағынан айырылып, денсаулығы бірте-бірте төмендесе – бұл дене мүшелерінің қызметінің нашаралағаны.
Сондықтан барынша аз және құнарлы тамақ жеу арқылы салмақ қосудың жолдарын ізденген жөн.
Солардың бірі – ашығу. Ашығудың медицинада пайдасы жайлы жиі айтылады. Әсіресе, жасушаның жаңаруына, асқазан-ішек жолдарының тазаруына, түрлі аурулардың алдын алуға таптырмас ем. Арық адамдар "ашықсам жүдеп кетем ғой, дене мүшелерімнің жұмысы күрделеніп, ауруға шалдығамын" деп ойлауы мүмкін. Бірақ әсте олай емес. Бұл жердегі басты қағида – денені тазартып, құнарлы тағам ішу.
Әсіресе, қысқа мерзімдік ашығудан қорқудың қажеті жоқ. Ашығу ережесін сақтаған адамның дене мүшелері демалады, содан тамақ қорыту мүшелерінің дұрыс жұмыс жасағанын аңғаруға болады. Яғни, жеген пайдалы тағамның адам денесіне сіңуі жақсарады деген сөз.
Адам денесінде (асқазан мен ішекте) көп мөлшерде артық тағам болмаса (әсіресе, жағымсыз улы заттар), ішкі күш-қуаты өте жоғары болады, яғни, тамақ қорыту әрі дене клеткаларына сіңуіне орасан зор ықпал жасайды. Адам асқазаны мен ішегі артық пайдасыз тағамдардан тазарып, асқазан сөгі (шырыны) көбейеді. Соның арқасында тағам құрамындағы ақуыз бен дәрумен денеге тез сіңеді. Ашығу дене мүшелерінің қызметін жақсартумен қатар, ағзаға жаңа күш-қуат береді.
Ашығу ережесін ұзақ мерзімде ұстанған адамның мүшелері қоректенген пайдалы тағамын күннен-күнге жақсы қабылдап, тіршілікке қажетті күш-қуаты молайып, бірте-бірте, жылдан-жылға тамақ қорыту жүйесі жақсара береді.
Денесі нәзік, бойы аласа адамның (баланың) дене құрылысын, бойын өсіруге бола ма? Кеудесі, бұлшық еті өспеген, денесі арық адамды (баланы) толтыруға бола ма? Мұндай сауал бәрімізді мазалайтыны анық.
Медицина мен ғылыми түрде осындай адамдарға (балаларға) ашығу ережесін тиімді пайдаланған жағдайда дене құрылысының толуына, өсуіне толық мүмкіншілік береді. Ашығудың ең жоғарғы сатысының бірі – метоболизмнің жақсаруы. Ғылыми түрде айтқанда, терінің көлемі ұлғаюы және ақуыз, қант, май, ауа, пайдалы қоспа-ерітінділер дене клеткаларына жақсы сіңуі.
Салмағы жеңіл, денесі арық адамдарға 7-10 күн тәулік ашығу ережесін ұстанған жөн. Денсаулық бірден өзгермеуі, жақсармауы мүмкін, мейлі. Бірақ осы апталықтан кейін адамның тағамға деген тәбеті ашылып, тамақ ішіп жеуге деген қабілеті артады. Таза суға шектеу болмағаны жөн. Тамақ жегенде пайдалы, ақуызы мен дәрумені көп азық-түлік жеген дұрыс. "Асқазан тойдым дегенді білмейді" – есіңізде ұстаңыз.
Адам 7-10 тәуліктен 2-3 рет ашыққаннан кейін өзін жақсы сезінеді, 20-30 күнге дейін созса, дене мүшелерінің ас қорытуы мен сіңіруі мүлдем өзгереді. Таза ауамен тыныстап, дене жаттығуын жасаса, салқын сумен жуып-шайынса, адамның сыртқы және ішкі дене құрылысы әжептәуір жақсарады.
Ашығу графигін тәжірибелі дәрігерлермен келісіп, ағза артық тамақ пен улы заттардан тазарғанға дейін ашығу қажет. Бұл жерде ашығу ережесін қатаң сақтаудың маңызы зор.
Кешке, әсіресе таңертең таза ауада 1-2 шақырым жер серуендеп не жүгіру керек. Ал үйде күніне 20-30 минут тыныс алу жаттығуларын жасаған абзал. Ұйықтар алдында, ұйқыдан тұрғаннан кейін бөлменің есік-терезесін ашып, ауаны тазарту қажет.
Адам ағзасы өз-өзін тазалай алады: таза дене адам құрылысының өсуіне кедергі жасамайды.
Емші Серік Тлеубергеновтың "Ашығудың таңғажайыптары" еңбегінен