- Негізгі бет
- Денсаулық
- Аш қарынға жылы...
Аш қарынға жылы су ішудің пайдасы
Таңертең аш қарынға ең алдымен су ішкен жөн дейді дәрігерлер. Бірақ суық су емес, жылы су ішу керек.
Жылу судың температурасы 40-50 градус болғаны жақсы. Ағзаға жылы су түскенде, биохимиялық процестер тез жүреді. Жылы су ішуді әдетке айналдырған адамда асқазан аурулары бола қоймайды. Біртіндеп асқазаны мен ішек жұмысы жақсара бастайды. Жақсарғанын адамның өзі де сезетін көрінеді.
Жылы суды ішудің мәні мынада. Таңертең ағза сұйықтыққа сусап тұрады. Сол кезде салқын не суық су ішсеңіз, асқазанға керісінше стресс болмақ. Ол суды жылыту үшін асқазанға артық жұмыс істеуге тура келеді.
Ал ағзаға бірден жылы су енсе, асқазан да, ішек те "күйзелмей", қалыпты жұмысына кірісіп, суды жылдам сіңіреді. Он екі метрлік тоқ ішекпен су тез өтеді.
Мамандардың айтуынша, шөлдеп тұрған кезде де жылы су ішкен жөн. Сол кезде адамның шөлі тез қанады. Өйткені жылы су асқазанға "жақсы жағады", ішекке тез жетіп, тез сіңеді де, қанға араласады.
Таңертең жылы су ішкеннің тағы бір пайдасы – асқазан мен ішектегі токсиндерді шайып шығатыны. Бетке, денеге безеу, бөртпе шығу деген болмайды, өйткені ағза токсиндерден арылып жатыр.
Сондай-ақ жылы су зат алмасым процесін жылдам іске қосады. Жылы су ішуді әдетке айналдырған адамда іш өту деген болмайды.
Ал қанша жылы су ішу керек дегенге келсек, басында бір ыстақаннан аспағаны жөн. Кейінірек 700-800 мл-ға дейін жеткізуге болады.
Қ. Слямбек