- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ас қорытатын көкөніс...
Ас қорытатын көкөніс
Асты тез қорытуға көкөністер ішінде қиярдың көмегі зор. Бұл көкөністе ағзамыз қажет ететін пайдалы заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий мен мырыш.
Қиын жұмыс күнінен шаршап, үйге әрең жеттіңіз бе? Кофені қоя тұрыңыз. Тоңазытқыштан бір балғын қиярды алып, тазалап, жеп көріңіз. Құрамындағы В дәрумендер топтамасы мен көмірсутек сізді бірнеше сағатқа энергиямен қамтамасыз етеді.
Аздаған әжім мен целлюлитке қарсы қымбат кремдерді алудың қажеті жоқ. Қиярдың бір тілімімен теріңізді сүртуді әдетке айналдырсаңыз, келешекте бұл сіз үшін қиын мәселе болмайды. Қияр құрамындағы фитохимиялық заттар теріні берік қылып, целлюлит пен әжімнен сақтайды.
Кешке отырысқа барып, көп қыдырып, шаршадыңыз ба? Ұйқы алдында бір қияр жеп алыңыз. Ол ағзаңызға қажетті мөлшерде қант, дәрумендер мен электролиттер береді. Соның арқасында таңертең көзіңіз іспей, басыңыз ауырмай оянасыз.
Үйге шаршап келдіңіз бе? Қиярды бірнеше текшеге бөліп, бұрқылдап тұрған суға бір қайнатыңыз. Осы судың буымен дем алсаңыз, қиярдағы пайдалы заттар бумен беріліп, бойыңызды сергітеді.
Түскі астан кейін қол астыңызда сағыз табылмады ма? Қиярдың бір тілімін тіліңізбен таңдайыңызға жабыстырып, осылайша 30 секунд ауызда ұстап тұрыңыз. Осылайша ауыздағы жағымсыз иісті қоздыратын бактерияларды өлтіресіз.
Г. Берік