- Негізгі бет
- Денсаулық
- Арықтау үшін калория...
Арықтау үшін калория санау қажет пе?
Инста-блогерлер қантқа қарсы шығып, диетологтар калориясы аз диета құрып беріп жатады. Тәуліктік килоджоульді есептейтін түрлі қосымшалар да бар. Алайда калория дегеніміз не және арықтау үшін шынымен де оны санаған дұрыс па?
Физика пәнінде калория дегеніміз – қалыпты атмосфералық қысым кезінде 1 грамм суды 1 градус Цельсийге жылытатын жылулық мөлшері. Орташа статистикалық адамды оның денесі қанша жылу жұтып жатырғаны қызықтыра қоймайды, жалпы калория біздің өмірімізге бізді жылумен қоршау үшін кірген жоқ. Калория 1990 жылы америкалық үкіметтің таңбалау туралы әрекетінің бөлігі болды. Елдегі артық салмақ мәселесімен күресу мақсатында өндірушілер өнімдердің калория мөлшерін және құрамын қаптамада жазу міндеттелді. 2008 жылдан бастап Нью-Йорктегі мейрамханалар мәзірде тағамдардың энергетикалық бағалығын көрсете бастады. Ал қазір әр өнімнің калориясын есептеу және кей өнімдерден бас тарту кеңінен тарай бастады. Яғни, калория өзінің бастапқы мағынасын жоғалтып, арықтағысы келетін адамдардың жауына айналды.
Күнделікті құнарлылықты есептеудің бірнеше формуласы бар. Тіпті, дайын қосымшаларға дейін шықты. Бірақ мұндай есептеулер арықтауыңызға кепіл бермейді. Бұл жүйе асқорытуға кететін энергия шығынын есепке алмайды. Себебі түрлі тамақты қорытуға әртүрлі калория мөлшері кетеді. Басқаша айтқанда, біз калория мөлшерінен салмақ қоспаймыз, не жегенімізге байланысты салмақ қосамыз. Мысалы, 300 ккал жеміс пен 300 ккал шоколад бірдей әсер бермейді.
Сонымен қатар, түрлі компоненттер қорытуға әртүрлі калория мөлшерін кетіреді. Май бәрінен де тез сіңеді, одан кейін – көмірсулар, бәрінен де нашар сіңетіні – ақуыздар. Тағамда қаншалықты ақуыз мөлшері көп болса, соншалықты ас қорыту шығыны көбірек болады.
Өнімнің тек химиялық құрамына мән бермей, физикалық жағдайына да қарау керек. Себебі шикі тағамның ас қорыту шығыны піскен немесе қуырылғанға қарағанда әлдеқайда жоғары.
Қай уақытта калория санау керек?
Қазір дүкен сөрелері және көшелер түрлі тамақпен толып тұр. Сондықтан өзіңді ұстау қиын. Сол кезде калория санап жүрсеңіз, өзіңізді қолда ұстау жеңілге түседі. Яғни, сіз күніне қанша калория жегеніңізді көресіз, қандай да бір тағамға қызыққанда, оны алсаңыз, бір күндік калория мөлшері көбейіп кететінін білгендіктен, өзіңізді тоқтатуыңыз мүмкін. Сонымен қатар, керісінше салмақ қосқыңыз келеді, бірақ өзіңізге күніне біраз тамақ жегендей көрінгенмен, басқалары олай ойламайды. Сондай кезде калорияны санап, шынымен де күнделікті норманы алып жатырғаныңызға көз жеткізуге болады. Ал егер өзіңіздің тамақтануыңызға мұқият қарап жүрген болсаңыз, өнімдердің энергетикалық құндылығына емес, өнімнің өзіне мән беріңіз.
А. Жапатова