- Негізгі бет
- Денсаулық
- Арықтау үшін асты...
Арықтау үшін асты аз ішудің қажеті жоқ
Қоғамдағы «диета» сөзі жақсы таныс болар. Диета медицина жағынан ем үшін қолданылатын термин болса, күнделікті өмірде қыз-жігіттер семіріп кетпес үшін астан тиылып диета ұстайды. Кешкі алтыдан кейін тамақ ішпеу деген секілді заңдылықтары бар. Бірақ бұл қаншылықты пайдалы және зиян? Бұл жайында түрлі ақпараттар берілген болатын. Ал шындығында диета ұстау, яғни, тамақты аз ішу адамның арықтауына себеп бола ала ма?
Арықтау үшін асты аз ішу сіздің арықтап кетуіңізге кепілдік емес. Себебі көңіліңіз тоқ болса, бірден арықтап кетемін деп ойламаңыз. Адамды ауру қылатын да оны емдейтін де оның өзі. Қалай?
Ең басты құрал – адамның көңілі. Себебі көңіл уайымға, қайғыға немесе мұңға толы болса, күнделікті бір мәселемен шұғылданып, бітпейтін ауыр жұмыстармен айналысып жүрсеңіз, сіз ешқашан семірмейсіз. Қазақта жақсы сөз бар «қара суға семірген» дейтін. Бұл дегеніңіз бай-манап болсаңыз, сіздің арықтау үшін тамақты аз ішкендігіңіз пайда бермейді.
Түрлі спорттық ережелерді сақтап, жүгіріп немесе денені қыздырып тұру бұл бөлек мәселе. Себебі бұл жерде сіз тұрақты дененің қалыптан тыс семіріп кетпеуін қадағалайсыз. Ал үйде жатып, еш уайым болмаса, кешкі 18.00-ден кейін тамақ жемей, өзіңізді қинап, семірудің алдын аламын деп жүріп ауруға шалдығып қалуыңыз да мүмкін.
Бір мысал келтіріп көрелік. Сіздің жұмысыңыз өте ауыр және қызықты. Сіз сол жұмысты уайымдайсыз, күндіз-түні жұмыс жасайсыз. Тамақты да жақсы ішесіз. Бірақ бір қалыпты дене формасын сақтап жүресіз. Бірақ ешқандай диета немесе арнайы диетологтардың ақылын тыңдамайсыз. Бұл ойыңызда уайымдайтын мәселенің барлығын көрсетеді. Ал ми тыныштық сақтап, қанағаттанғанша асқазанға қарны ашқаны туралы ақпарат бермейді. Есіңізде болсын, ми – барлық ағзаға белгі беретін күш.
Қорыта келгенде, арықтау үшін немесе қайта семіру үшін диета ұстаудың, аз-көп ас ішудің қажеті жоқ. Көңіліңіз алаңдайтын сүйікті ісіңіз болсын. Осы жеткілікті. Миға «семіріп бара жатырмын» деген белгі бермеңіз және ойламаңыз. 3-4 ай көлемінде осы тәжірибе бойынша жұмыс жасап көріңіз, нәтижесі болады.
М. Ақан