Арықтау үшін ас қорытылуына кететін уақытты біліңіз

Арықтау үшін ас қорытылуына кететін уақытты біліңіз
Фото: pinterest.com

Егер осы берілген ақпаратты ұстанып, асқазанда тағам қорытылып болғанша ештеңе жемей шыдасаңыз, сіздің арықтауға ғана емес, асқазаныңызды аман сақтап қалуға да мүмкіндігіңіз мол.

Тамақтың сіңу уақыты:

– Аш қарынға ішілген су бірден ішекке түседі.

– Жеміс пен жидек шырындары 15-20 минут ішінде сіңеді.

– Жеміс-жидектен араластырылып жасалған салат 20-30 минутта қорытылады.

– Қарбыздың сіңуіне 20 минут, ал қауынға 30 минут қажет.

– Құрамында қызанақ, қияр, жасыл және қызыл бұрыштар бар салат 30 минутта сіңіп кетеді.

– Шалқан, сәбіз секілді тамыр көкөністері қорытылуға 50 минут уақыт кетеді.

– Ақтүйнек, асқабақ секілді құрамында крахмал бар көкөністер бір сағат шамасында қорытылады.

– Күріш, қарақұмық, арпа ботқалары 60-90 минут аралығында сіңеді.

– Бұршақ тұқымдастар қорытылуы үшін 90 минут уақыт қажет.

– Күнбағыс, асқабақ, күнжіт тұқымдары 2 сағат бойы қорытылады.

– Жаңғақтар, тіпті, күнбағыс, асқабақ, күнжіт тұқымдарынан ұзақ 2,5-3 сағат аралығында ағзаға сіңеді.

– Егер тұқымдар мен жаңғақтарды жемес бұрын суға салып қойса, олар тез қорытылады.

Жалпы тамақты ұйықтардан 3-4 сағат бұрын жеген жөн.

Жоғарыда көрсетілген ақпарат орташа есеппен алынған, әдетте тамақтың қорытылуы адамның ағза ерекшеліктеріне де байланысты болады.

А. Оралқызы
Logotype Massaget