- Негізгі бет
- Денсаулық
- Арт-терапия: Дәрігер ем...
Арт-терапия: Дәрігер ем ретінде мұражайға баруды ұсынады
Фото:
Seattle Weekly
Қараша айынан бастап канадалық дәрігерлер аурудың кейбір түрлерін емдеу үшін дәрі жазып берудің орнына, мұражайға баруды ұсына алатын болады.
Тәжірибелік жоба Канаданың Квебек провинциясында жасалғалы отыр. Бұған Монреаль дәрігерлер ассоциациясы мен Монреаль көркемсурет мұражайы ниет білдірген. Дәрігерлер айтуынша, өнер нейрон белсенділігін арттырады. Сондай-ақ, психикалық ауруы бар адамдар, диабет пен қан қысымының көтерілуінен қиналатындар жағдайына оңтайлы әсер етеді.
Осы жоба аясында дәрігерлер ассоциациясының мүшелері мұражайға тегін баруға 50 рецепт жазып бере алады.
А. Оралқызы