- Негізгі бет
- Денсаулық
- Әрдайым сұлу болғыңыз...
Әрдайым сұлу болғыңыз келсе...
1. Баспалдақпен жүріңіз.
Сатымен көтерілу арқылы адам минутына 11 калория жұмсайды.
2. Асқазаныңызға абай болыңыз.
Тамақтанып болған соң бір шынаяқ шай ішсеңіз, іштің кебуінен сақтанып, ас қорыту жүйесін жақсартасыз.
З. Аяғыңызды ұмытпаңыз.
Өкшелеріңіз жұмсақ болуы үшін скрабпен тазалап, иісмай жағып тұрыңыз.
4. Кептірілген жеміс жеңіз.
Мысалы: қақ өрік, қара өрік, інжір секілді кептірілген жемістер дәрумендер мен микроэлементтерге бай.
5. Қара шоколад алыңыз.
Қашан да қара шоколад алуға тырысыңыз. Өйткені оның құрамында 70% какао-боб бар және қант мөлшері аз. Ол қанайналымдағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді.
6. Уақытымен тамақтаныңыз.
Егер таңғы асыңызды ішпей, түскі ас кезінде жиналыста болып, үзілісте асығыс-үсігіс бутерброд жей салсаңыз, онда сіздің ешқандай әліңіз қалмайды. Ал әліңіз болмаса, әдемі көрінбейсіз.
7. Спортпен дос болыңыз.
Күніне жарты сағат болса да жаттығу жасап, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Сонда сіздің пішініңіз мінсіз болады.
Ж. Исакаев