Ән айтып өмірді ұзартуға болады екен. Британиядағы Йель университеті мен АҚШ-тағы Гарвард университетінің ғалымдары бірігіп зерттеу жасап осындай тұжырым жасады. Бұл жайлы Express басылымы жазады.
Зерттеушілердің айтуынша, ән айтқан адамның психологиялық және физиологиялық жағдайы тұрақталып, денсаулығы жақсарады. Сондай-ақ, ән айтуды әдетке айналдырғандардың өмірі ұзаратын көрінеді.
Ән айту кәрілік пен Альцгеймер ауруының алдын алады. Өйткені ән айтқан кезде миға оттегі көп баратын көрінеді. Соның арқасында қан қысымы реттеледі.
Зерттеу дәлелдегендей, адам сүйікті әнін орындағанда ағзасына бақыт гормоны эндорфин бөлініп, көңіл-күйі көтеріледі, күйзелісі қайтады. Сондай-ақ ескере кетер тағы бір жайт, ғалымдардың айтуынша, ән айту үшін вокал мен "дауыстың" қажеті жоқ, тек сүйікті әніңізді сүйіп орындасаңыз болғаны.
Бұған дейін Чили ғалымдары жастайынан музыкамен айналысқан баланың когнитив ойлауы дамып, есте сақтау қабілеті артатынын айтқан еді. Нейробиологтардың айтуынша, музыка баланың жады мен есту қабілетін әжептәуір жақсартады.